Әзербайжанда Каспийге құлаған ұшақ оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжанның Әскери прокуратурасы Каспий теңізіне ӘҚК ұшағының құлауына байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы елдегі Әскери прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Хабарланғандай, қылмыстық іс "қызметіне немқұрайлы қарау" бабы бойынша қозғалды. Тергеуді ведомствоның ауыр қылмыстар бойынша басқармасы жүргізуде.Бүгінде Каспий теңізінде құлаған ұшақты табу операциясына Әзербайжан ӘТК кемелері мен ӘӘК ұшақтары тартылған. Ұшқыш әлі табылмады.
Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжан әскери әуе күштерінің ұшағы оқу-жаттығу кезінде кенеттен радардан жоғалып кеткен. Алдын ала болжам бойынша ұшақ апатқа ұшырап, Каспий теңізіне құлаған.
Оқиғаның 24 шілде күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22:00-де болғаны анықталды.