Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұңғыш әскери ұшқыш қыз Ардана Ботай әуеде 270 сағат ұшқан

Тұңғыш әскери ұшқыш қыз Ардана Ботай әуеде 270 сағат ұшқан


ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тұңғыш әскери ұшқыш қызы Ардана Ботай Балқаштағы авиация оқу орталығында әскери ұшақпен әуеге көтерілді, деп хабарлайды Хабар 24. 
Ер азаматтың да жүрегі дауалап, қолынан келе бермейтін шеберлікті меңгерген ару қазір әуе көлігін өзі басқарады. Осыдан екі жыл бұрын әскери ұшақты басқаруды үйреніп жүрген Ардана Ботай бұл жолы әуе кемесін өз бетімен басқарды. «Ұшақты жалғыз басқару - әрбір ұшқыштың еңбек жолындағы маңызды кезеңдердің бірі», - дейді әскери бөлімнің командирі. «Ардана алғаш ұшқыш боламын деп оқу орнына келгенде, барлығы таңқалған болатын. Көп адамдарға ерсі көрінді. Алайда Ардана табандылығының арқасында әйел адам да әскери ұшақты басқара алатынын дәлелдеді. Қазір еңбегінің жемісін көруде», - дейді авиациялық оқу орталығының командирі Тимур Еспағанбетов. Ардана бала кезінен ұшқыш болуды армандаған. Осы арман он алты жастағы бойжеткенді авиациялық орталыққа жетелеп келген. Онда үздіктердің бірі болған курсант алдымен жеңіл моторлы ұшақтарды жүргізуді үйренеді. «Әскери ұшақтарда ұшу менің бала кезімнен келе жатқан арманым. Мектепте оқып жүрген кезімде оқу орталығында, ұшқыштар орталығында 40 сағат ұшып, одан кейін азаматтық авиация академиясында жүргенімде ұлттық гвардияға шақырылдым, ол жақта мен Ан-26 ұшағымен әуеге көтерілдім», - деді ұшқыш Ардана Ботай. Ардана бүгінгі күнге дейін әуеде 270 сағат ұшып үлгерген. Алдағы уақытта жас ұшқыштарға тәлімгер болуды қалайды. «Ал өмірдегі ең басты арманым - ғарышты бағындыру», - дейді тұңғыш әскери ұшқыш қазақ қызы.  
inform.kz
07 мамыр 2018 ж. 1 215 0

Соңғы жаңалықтар

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.
Ата басылымды  үзбей оқимын

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

Қызылша ауруынан сақтанайық!
11 желтоқсан 2023 ж. 67

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам