Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ КІМДЕРДІҢ ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕМЕУГЕ БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ КІМДЕРДІҢ ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕМЕУГЕ БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ


ҚР Қорғаныс министрлігі кай азаматтардың әскерге шақыртылмайтынын мәлімдеді.

Денсаулығы жарамсыз деп танылғандар; 27 жасқа дейін шұғыл әскери қызметке шақыртылмағандар; әскери міндетін орындау барысында жақындарының бірі (анасы, әкесі, әпкесі, ағасы) қайтыс болса немесе әскери қызметте бірінші, екінші топтағы мүгедек болып қалса; әскери борышын өзге мемлекетте өтегендер, арнайы мемлекеттік органдарда әскери борышын өтегендер бейбіт кезеңде әскерден босатылады.
Сонымен қатар әскери қызметті басқа мемлекетте өткендер, ғылыми дәрежесі барлар, тіркелген діни бірлестіктердегі дін қызметкерлері де Қарулы Күштер қатарына шақыртылмайды. Өз кезегінде әскери жиындардан қорғанысты, қауіпсіздікті әрі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты лауазымдарда меморгандарда жұмыс істейтіндер; мемлекеттік, азаматтық әрі эксперименттік авиацияның қызметкерлері; егін егу мен астық орағы науқанында ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар босатылады.
Мұнымен қоса, оқу жылы кезеңінде күндізгі оқыту режиміндегі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері; күндізгі оқу тәртібінде білім алып жатқандар; әскери міндетті әйелдер; 18 жасқа дейін үш немесе одан көп балалары барлар; алдын ала тергеу амалдарына тартылған немесе қылмыстық ісі сотпен қаралып жатқанға адамдар; ҚР Парламентінің немесе жергілікті өкілдік органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер жауынгерлік жиындарға шақыртылмайды.
stan.kz
19 қаңтар 2018 ж. 1 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031