ЖАУЫНГЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ДАЯРЛЫҚТА БОЛҒАНЫ ЖАҚСЫ
2018 оқу жылына арналған жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының жоспарына сәйкес өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдерінің басқару органдарымен бірлескен штабтық жаттығу басталды. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, бірлескен штабтық жаттығудың негізгі мақсаты басқару органдарының арнайы әскери операцияны іс жүзінде пысықтауы және әскерлерді қолдануды жоспарлауда әскери бөлімдер қолбасшылығының практикалық машығын жетілдіру болып табылады. Жаттығудың түпкілікті ниетінде басқару органдарының өзара іс-қимылын ұстап тұру және жан-жақты қамтамасыз етудің түрлері бойынша шешім қабылдау кезінде командирлердің жұмыс тәртібін бойынша ұйымдастыру мәселелерін пысықтау қарастырылған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы әскери бөлімдері мен құрамаларында мамандық бойынша дайындықтан кейінгі әскерлерді оқытудың бірізділігіне сәйкес бөлімшелерді даярлау өткізілуде. Бөлімшелерді даярлау бойынша сабақтар бөлімше командирлерінің жетекшілік етуімен өтуде және бір айға созылады. Аталмыш кезеңде әскери қызметшілер мамандық бойынша жеке дайындық барысында алған ұрыстың әр түрінде және жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда бөлімше құрамында кәсіби машықтарын шыңдайды. Негізгі күш-жігер әскери қызметшілерде бөлімшелер құрамындағы іс-қимылдарға дайындауға және ұрыста штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы шебер әрі тиімді пайдалануда жеке құрамның далалық машығын жетілдіруге бағытталады. Дайындықтың шешуші кезеңінде бөлімшелердің жауынгерлік оқ атулары өткізілетін болады.
Еркін ҚАЛДАН