Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «САРБАЗҒА ХАТ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

«САРБАЗҒА ХАТ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ


«Сарбазға хат» әскери-патриоттық акциясы шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері өздерінің жерлестері мен мектеп оқушыларына жауап хаттар жазды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жауап хаттарда әскери қызметшілер қызмет өткерудің жағдайлары, күн тәртібі туралы айтып берді. Жауынгерлік және дене даярлығы бойынша сабақтардың өткізілу барысынан хабардар болды. Сондай-ақ өздерінің хаттарында әскери қызметшілер өскелең ұрпаққа жақсы оқу оқып, мектепті лайықты түрде аяқтауларын тіледі.
«Сендердің хаттарың қолымызға тигенде жүрегіміз жылулық мен мейірімге толды. Сендердің сезімге толы ләрі патриоттық қызулықтарың Отанымыз бізді мақтан тұтатындығының жарқын көрінісі. Сендердің хаттарың біздің елімізді қорғап жүргенімізді тағы бір еске салған сыңайлы. Біз өзіміздің парызымызды міндетті түрде абыроймен атқарамыз», – делінген 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Талғат Баубәкіровтің хатында.
Қазақстан Қарулы Күштері «Сарбазға хат» әскери-патриоттық акциясын өткізгенін естеріңізге сала кетейік. Бұл шараға барлық жастағы қазақстандықтар қуаныштарын білдіріп, белсене атсалысты. Өздерінің хаттарында балалар әскери қызметшілерге мектептегі өмір, өздерінің жоспарлары мен армандары туралы сыр шертті. Хаттарында оқушылар өздерінің әскери қызметке деген ойлары мен әскерилердің рөлін ерекше атап өткен. Әскери қызметшілер балалардың суреттерін қуана-қуана қарап, пікірлерін жаудырды. Кейбіреулері тіпті, балалардың салған суреттерінен өздерінің немесе таныстарының бейнесін танып жатты. Сондай-ақ жауынгерлерге оларға арнап шығарылған оқушылардың өлең жолдары ұнады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін алынған хат қоржыны оларды үйлері, достары, туған қалаларымен байланыстыратын баяғы сол жіп іспетті екенін айта кеткен абзал.
Еркін ҚАЛДАН
04 ақпан 2018 ж. 2 589 0