Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әскери ұшқыштардың жалақысы қанша?

Қазақстанда әскери ұшқыштардың жалақысы қанша?


Қазақстанның қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов елдегі әскери ұшқыштарыды қаржылай қамтамасыз етуді ұлғайтуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілістегі үкімет сағаты кезінде палата төрағасының орынбасары Владимир Божко қорғаныс министріне әскери ұшқыштардың дайындығы жөнінде сұрақ қойып, цифрлық технологиясыз мұндай мамандарды даярлау мүмкін еместігін сөз етті. "Ақтөбедегі әскери ұшқыштарды даярлайтын институтта болдым, тікұшақ, әсери жойғыш ұшақ және көлік авиациясы бойынша дайындалатын жаттығу құрылғылары жоқ", - деді Божко. Өз кезегінде әскери ведомство басшысы бұл мәселенің, сонымен қоса, ұшқыштардың төмен еңбекақысы да шешілетінін мәлімдеді. "Жақында Елбасына ұшқыштар құрамы бойынша өтінішімді білдірдім. Қазір бізде мұндай мамандардың азаматтық салаға кетуі байқалады, былтыр 25 ұшқыш кетті. "Эйр Астана", SCAT компанияларына кетіп жатыр онда қржылық қамтамасыз ету бір жарым миллион теңге. Мәселен ресейлік әріптестеріміз 800 мың рубль алса, бізде бірінші санаттағы ұшқыштардың айлығы 270 мың теңге. Сондықтан мемлекет басшысы үкіметке тапсырма берді, тым болмаса 400-500 мың теңге алатындай ету керек", - деді Жасұзақов


Ақпарат көзі: tengrinews.kz
09 сәуір 2018 ж. 1 270 0