Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АЛҚА ТАҚТЫ

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АЛҚА ТАҚТЫ

Көктемнің алғашқы күні, 1 наурыз алғыс айту күнімен қатар Шиелі ауданында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 22 қаңтардағы №439 жарлығына сәйкес алтын құрсақты аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталды.
Аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өткен марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Алмат Әбдуәзизұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қаблеш Сейітбекұлы, аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Найла Әбілқасымқызы және өзге де қонақтар қатысты.
Салтанатты жиында көпбалалы аналарға төсбелгіні аудан әкімінің орынбасары Алмат Әбдуәзизұлы табыстады. Ауданның демографиялық ахуалына үлес қосқан алтын құрсақты аналарға алғысын білдірді.
– Сіздерді алғыс айту күнімен құттықтай отырып, үлкен алғысымды айтамын. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты болады деген сенімдеміз. Баршаларыңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атана беріңіздер. Еліміз аман, аспанымыз ашық, тәуелсіздігіміз әркез тұғырлы болсын, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Арнайы жиында екі «Алтын алқа» және он бір «Күміс алқа» иегерлеріне салтанатты түрде куәлік табысталды. Алтын құрсақты аналар қатарында 3 ұл 3 қызды дүние әкелген, аяулы жар, инабатты келін Қалдыгүл Сәкенқызы қуанышымен бөлісті.
– Құрметті аналар, қадірлі қонақтар! Барлықтарыңызды бүгінгі алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Үйдегі анам да көпбалалы алтын құрсақты батыр ана. Жұмыспен бірге бала тәрбиесін қатар алып жүрдік. Соның нәтижесі болар, марапат мінберінен табылып отырмыз, – деді «Күміс алқа» иегері.
Шара соңында құрметке бөленген аяулы аналарға Шиелі ауданының белгілі өнерпаздары әсем әндерін жолдап, тамаша көңіл-күй сыйлады. Сөз соңында ауданда алтыннан алқа таққан 975 және алтыннан үміт күтіп отырған 1581 ана барын тілге тиек ете кетейік.

М.ИБРАГИМОВ
05 наурыз 2024 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031