Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР

ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР

№49 орта мектебінде “Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған білім беру бағытындағы заманауи ресурстар” тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты ЕББҚ оқушылардың психологиялық-педагогикалық сүймелдеуін ұйымдастыруда арнайы мамандардың жұмысын нәтижеге бағыттау, оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну.
Шараға Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ж.Курманбаева және барлық аудан мектептерінің арнайы дефектолог-логопед мамандары қатысты.
Семинарда “Өнерлі қол - бақытқа жол” тақырыбында көрме, “Ұсақ моториканы дамыту”, “Ерекше бала, ерекше сабақ, ерекше жұмыс” тақырыптарында үйден оқитын оқушымен түзету сабағы, ата-ана, баламен жұмысы бойынша ашық сабақтар мен тренингтер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, семинар соңында қатысушылар мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Семинар-практикумды білім бөлімінің әдіскері Ж.Курманбаева қорытындылап, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
21 ақпан 2024 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031