Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАБЫС ФОРМУЛАСЫ – ЕРЕКШЕ БАЛА, ЕРЕКШЕ САБАҚ, ЕРЕКШЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

ТАБЫС ФОРМУЛАСЫ – ЕРЕКШЕ БАЛА, ЕРЕКШЕ САБАҚ, ЕРЕКШЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде "Табыс формуласы – ерекше бала, ерекше сабақ, ерекше әдіс-тәсілдер" "Жайлы орта" жобасы аясында аудандық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты – оқыту үдерісін ұйымдастыруда оқытудың тиімді идеяларын ұсыну.
Ерекшілігі сол, оқушылар семинардың ашылуын "Дублёр" форматында жүргізді. Мектеп дублёр басшылары оқу ордасының жетістіктерімен таныстырса, дублёр психологы семинарға қатысушыларға "Кедергілерді жеңу" тренингі арқылы керемет көңіл-күй сыйлады.
"Жайлы орта" жоба аясында биология пәнінен "Эволюцияның дәлелдемелері", әдебиеттік оқу пәнінен Б.Соқпақбаев "Көшер кезде" үлгі сабақтары, "Біз тарихымызды тағылым етеміз, біз – тарихтың жалғасы" сыныптан тыс жұмысын көрсетті.
Сонымен қатар, ЕБҚ оқушылармен "Жадыны дамыту", "Құм терапиясы", "Балалардың ойлау қабілетін арттыра отырып, шығармашылығын дамыту" түзету-коррекциялық сабақтары жүргізілді.
Мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Дінбаеваның ұйымдастыруымен "Ерекше бала визиткасы" тақырыбында семинарға қатысушылардан үлгі, сыныптан тыс, түзету сабақтарында дарынды оқушы, оның ерекшелігі "көрініс таба алды ма? Және ЕБҚ оқушы сабақ үстінде өзін жайлы сезіне алды ма?" бағытында ашық пікір алмасу кері байланысы өткізілді.

19 ақпан 2024 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031