КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ БАСТЫ НАЗАРДА
№41 М.Шоқай атындағы орта мектепте аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес «Мектепте білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдар берудің өзектілігі» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Әдістемелік семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Шәденов және аудан мектептерінің бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинарда қатысушылар мектеп өмірімен танысып, мектеп оқушыларының сәлемдесуі мен домбырашылар үйірмесінің өнерін тамашалады.
Тәжірибелік бөлімде математика пәнінің мұғалімі «Квадрат теңдеулер», тарих пәнінің мұғалімі «Қазақстандағы монғол шапқыншылығы» тақырыбындағы элективті курс сабақтары, «Профи Time» мамандықтар әлемінде» сыныптан тыс жұмысы, «Бұл палата балаға мамандықты ата-анасы таңдағаны дұрыс деп есептейді» тақырыбында дебатқа қатысып, тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар «Білім және мансап» тақырыбындағы әдістемелік көрме, ұлттық қолөнер бұйымдары бойынша оқушылардың жасаған жұмыстарымен танысты.
Пән мұғалімдері оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау, авторлық бағдарлама жасау бағыттарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарды мектеп директоры А.Елжасарова мен аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Шаденов қорытындылап, қатысушылар әдістемелік семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп ұжымына алғысын білдірді.