Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖӨНІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖӨНІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев: “Кәсіподақтардың дәнекерлігі мен медиация арқылы еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің тең құқылы диалогының арқасында ғана еңбек қатынастарын тиімді реттеуге болады. Осындай ынтымағы жарасқан ортада еңбек этикасын кемеліне келтіріп, әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге болады”, - деді.
Облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Есқалиева Гүлнәр Бабабекқызы сала қызметкерлері үшін еңбек жағдайлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктер жөніндегі әлеуметтік әріптестік туралы 2024-2026 жылдарға арналған келісімге қол қойды.
Әлеуметтік әріптестік туралы 2024-2026 жылдарға арналған келісімге қол қою сала қызметкерлерінің сапалық деңгейі арттыру мен еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмыс жасауы үшін маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Мұнымен бірге өзара теңдік, келісімге келу қағидаттарына негізделген мемлекеттік билік органдары, жұмыс берушілер, кәсіподақтар арасындағы қатынастарды реттеудің тиімді тетігі.
Қол қойылған құжаттың сала қызметкерлері үшін маңыздылығына тоқталған басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы: “Бұл мемлекет басшысының әлеуметтік әріптестікті дамыту туралы тапсырмасын орындау барысындағы нақты қадам. Мұндай өзара әріптестік сала қызметкерлерінің мүддесі үшін бірлескен міндеттерді шешу үшін берік негіз болатынына сенімдімін”-деді.
Салалық келісім тараптардың қызметкерлерге қажетті еңбек және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау және білім беру ұйымының тұрақты және тиімді қызметін қамтамасыз ету жөніндегі келісілген ұстанымдарын келісім-шарттық тәртіппен айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалды.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
21 ақпан 2024 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930