Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ӘСКЕРИ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

СЫР ӘСКЕРИ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Өткен жұмада Шиелі аудандық ардагерлер үйінде облыстық «Сыр әскери ардагерлері» бірлестігінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, сот саласының ардагері Тұрмат Баймағамбет қатысты.
Бірлестіктің төрағасы Абдрахман Мұсайымов құрылғанына төрт жылға жуық уақыт болған ұйымның атқарған жұмысына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. – Қазіргі уақытта облыс көлемінде 300-ден аса ардагер бірлестікке мүше болып, жүйелі жұмыстар жүргізуде. Біздің мақсат өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттыққа тәрбиелеу. Әлі де осы бірлестікке мүше боламын, өз үлесімді қосамын дейтін ардагерлер болса, есігіміз әрдайым ашық, – деді Абдрахман ақсақал. Жиын барысында белсенді жұмыс істеген ардагерлерге алғыс білдіріп, қатарға жаңадан қосылған Бекентай Ахмет, Серікпай Қойлыбай, Орынбек Күздеубаев, Омар Жайсанбаев, Қуандық Ділдабаевқа мүшелік куәлік пен төсбелгі тапсыру рәсімі өтті. Сан салада қызмет етіп, зейнетке шыққан ардагерлер бүгінде қоғаммен тығыз байланыс орнатып, ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуы көңіл қуантады. «Есігіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңның ішінде қария болса, жазулы тұрған хатпен тең» деп қазыналы қарттарымыздың қадірін дана халық дөп басып айтып, бағасын берген. Берекеңді кіргізіп, ақылын айтып, батасын беріп отыратын данагөй ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналарымыз қазынаға бергісіз құндылық екені айқын. Себебі ХХІ ғасырдың біздей жастары кейбір орталарға барғанда, ата-әже деген асыл есімдерге зәруміз... Сонымен жиын соңында, ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил сөз алып, бірлестіктің атқарған жұмысына оң баға беріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Көкірегі қазынаға толы, аузынан шыққан әр сөзі салмақты, ақыл-парасатқа толы қариялардың қатары азаймасын.

М.ҚАЙРАТҰЛЫ
20 ақпан 2024 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031