Сала ардагерлері ардақталды
Жуырда ауданда полиция бөлімі ардагерлері кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Онда Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай бірқатар сала ардагерлеріне мерекелік медаль табыстады. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, аудандық полиция ардагерлерінің төрағасы Б.Шәкірбекұлы және 20-ға жуық сала ардагерлері қатысты.
Қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі – Қазақстан полициясы. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта түсті. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдаған болатын. Міне 30 жыл уақыт өтіпті. Осы орайда полиция ардагерлерінің мол тәжірибесі жас буын тәртіп сақшыларына адамдардың өмірінің тыныштығы мен амандығын сақтап, қоғам ішінде тәртіп пен тұрақтылықты орнатуына септігін тигізуде. Одан бөлек ардагерлер аудан жастарын ауызбіршілікке, татулыққа үндеуде де олар маңызды рөл атқаруда. Тиісті сала ардагерлеріне арналған кеңсе жайы да оң шешімін тапты. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Д.Беркімаев пен Е.Жаукеевтің еңбегін айта кеткенді жөн деп таптық. Олар аталған ғимаратты талапқа сай ішін ретке келтіріп берген.

Жиының алғы сөзін осы саланы 15 жыл табанды басқарып, зейнетке шыққан, бүгінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Әзімханұлы ашып берді.
– Көп жыл ішкі істер органдарында жұмыс істеп, халықтың тыныштығы үшін күндіз-түні талмай еңбек еттік. Қазір ұлым да осы салада адал еңбек етіп келе жатқанына шүкіршілік етемін. Біздің саладан зейнетке шыққан 30 ардагер бар. Бүгін арнайы кеңсеміз ашылды. Барлық сала ардагерлері бәріміз ұйымшылдықпен бірге жүріп, жас полицияларды тәрбиелеу мақсатында қазіргі ішкі істер саласының басшылығымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Жалпы полиция болу – форманы киіп алып, қызметіңді асыра пайдалану емес, елге қызмет ету. Тәртіп пен төзім салтанат құрған жерде құқық қорғаушылардың да абыройы арта түспек, – дейді ол.
Құттықтау сөзден кейін осы салада табысты еңбек еткен 8 ардагерге Қазақстан полициясына 30 жыл мерекелік медальі табысталды. Мұнан соң аудандық полиция бөлімінің бастығы Д.Беркімбаевтың арнайы алғыс хатымен сала ардагері О.Шығанбаевты марапаттады.
Жиын соңында аудандық полиция ардагерлер кеңесінің алқа мүшелігіне Әбдімомын Алдияров, Оңғар Шығанбаев, Досмат Сүйіндік, Нұрғали Қожақов, Бекентай Ахметов, Қабланбек Шалбаев, Әуелбек Құлмановтар сайланды. Бұл аталған ұйым алдағы уақытта жас тәртіп сақшыларымен тығыз байланыс орнатып, оларға тиісті ақыл-кеңесін беріп отыруға жұмыс жасамақ.
Ш.Тілеубаев