Бейбіт күннің батырлары
Газетіміздің алдыңғы санында айтып өткендей, биыл қазақ полициясының құрылғанына – 30 жыл. Елімізбен бірге жасасып, түрленіп келе жатқан бұл күштік құрылымның қоғамның тыныштығын сақтап, азаматтардың қамсыз өмірін қадағалауда еңбегі ерекше. Сондықтан олар қандай да болсын құрмет-қошеметке лайықты.
Десе де, биыл аудандық полиция бөлімі думанды кештен гөрі, шағын салтанатты жиынды құп көрді. Бұлай дейтін себебіміз олар кәсіби мерекесін мәдениет үйінде емес, полиция бөлімінің ғимаратында өткізді. Алайда мұнымен салтанатты кештің маңызы ортайып, мәртебесі кеміп қалған жоқ. Керісінше, сала ардагерлері мен қонақтарының айтылған әрбір сөздері мұқият тыңдалып, өсиеттен ой түйді. Ал кеш қонақтары қатарында аудан әкімі Нариман Мақұлбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил мен сала ардагерлері бар.

Алғаш болып сөз алған аудан әкімі Нариман Мақұлбеков бөлім қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұсынған «Жұртқа жақын полиция» қағидатын жүзеге асыруда алдағы уақытта да елдің сенімінен шығу үшін тынбай тер төгуге шақырды. Мұнан соң сөз алған полиция бөлімінің бастығы Дәулет Беркімбаев:
– Бөлім қызметкерлерін кәсіби мерекемен және ішкі істер органдарының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Әрбіріңіздің отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін. Сондай-ақ осы сәтті пайдалана отырып, жиынға қатысып отырған сала ардагерлеріне ерекше алғыс білдіргім келеді. Себебі Бахтияр Шәкірбекұлы бастаған, аудандық ішкі істер саласынан зейнетке шыққан ардагерлер кеңесі мен Өркен Исмаил, Әбдімомын Алдияров ақсақалдың бізге берген ақыл-кеңестері өлшеусіз, – деді.
Сондай-ақ салтанатты кеште бірқатар қызметкер мен ардагерлер марапатталды. Атап айтсақ, аудан әкімінің алғыс хатымен Мақсат Маратұлы, Еркебұлан Нұрымжанұлы, Мейіржан Бақытұлы және т.б.«Қазақстан полициясына 30 жыл» мерекелік медалімен Досым Абуов, Нағима Асылбекова, Бақытжан Әнуаров және т.б. Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының грамотасымен ішкі істер саласының ардагерлері Қыдырбек Жукебаев, Қалдыбек Баймағанбетов, полиция майоры Нұрдос Жакиев және т.б. Бөлім бастығының алғыс хатымен ішкі істер саласының ардагерлері Өркен Исмаил, Әбдірахман Жағыпарұлы, Қалдыбек Баймағанбетов, Ғабит Байтенов, Өркен Әубәкіров, Оңғар Шығанбаев т.б. бар. Қызметтік міндетін адалдықпен атқарғаны үшін бөлім бастығының алғыс хатымен полиция подполковнигі Руслан Ауланберген, полиция майорлары Тоқтарбай Дулатов, Азамат Исмағұлов және т.б. Шиелі ауданы прокуроры Нұрболат Дүйсенбаевтың алғыс хатымен полиция капитандары Бексұлтан Амангелдіұлы, Шыңдаулет Жеңсікбаев, полиция аға лейтенанттары Дамир Әбдәзі, Саламат Жолдасов, Мақсат Ибраев марапатталды.
Марапаттау рәсімінен соң полиция бөлімі қызметкерлері мен мәдениет қызметкерлері әннен шашу шашып, кештің сәнін келтірді.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ