Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің символы
Сенбі күні Шиелі ауданындағы Рәміздер аллеясында 4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Ел рәміздері – елдігіміздің негізі» атты салтанатты шара өтті.
Жиынға аудан әкімі Нариман Мақұлбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздық қатысты. Шараны ашып берген аудан әкімі Нариман Мақұлбеков тұрғындарды егемендігіміздің басты нышаны саналатын рәміздер күнімен құттықтады. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил болса, Түркия президенті Режеп Тайип Эрдоғанның өз елінің туына деген құрметін мысалға келтіре отырып, жастарды рәміздерді құрметтеуге, тәуелсіздіктің бағасын білуге шақырды. Содан соң салтанатты шара ант қабылдау рәсіміне жалғасып, аудандық полиция бөлімінің қатардағы полицейлері Әділет Әбілхаев пен Дәулет Жалғасбаев «ҚР заңдары мен Конституциясын қатаң сақтауға, ҚР Азаматтарының Конституциялық құқықтарын және бостандықтарын шектеуге жол бермеуге» ант берді.

Мұнан әрі «Арман» мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндерден шашу шашып, шара автошеруге жалғасты. Автошеруге 10-нан астам автокөлік қатысып, кент көшелерімен көк туымызды желбірете жүріп өтті. Соңғы аялдама орталық алаң болып белгіленді. Себебі бұл шараның әлі бел ортасы еді.
Ал салтанатты шаралар тізбегі орталық алаңда аудандық мәдениет бөлімі қызметкерлері ұйымдастырған концерттік қойылыммен қорытындыланды.
Рамазан ӘНӘПИЯ