Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА ҚАДАМ, ЖАҢА БАҒЫТ

ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА ҚАДАМ, ЖАҢА БАҒЫТ

Жаңа жыл күні аудан әкімі Нариман Мақұлбековтың қатысуымен 2022 – Барыс жылын қарсы алуға арналған мерекелік шара өтті.
Шараға аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздық, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан тұрғындары мен дербес бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында аудан басшысы Нариман Мақұлбеков аудан тұрғындарын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен және келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Біз қашан да жаңа жылдан, болашақтан жақсылық күткен халықтың ұрпағымыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Сондықтан келе жатқан жаңа жыл барлық бастамаларыңызға ақ жол ашып, еліміз үшін берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін!Аудан әкімі Нариман Мақұлбеков, Тәуелсіздіктің 30 жылында елдікті нығайту мен тәуелсіздігімізді баянды ету бағытында алға қойған ауқымды жобаларды іске асырып, ғасырға бергісіз белестерді бағындырдық. Мемлекетіміздің дамуына, оның өсіп өркендеуіне аудан халқының қосып отырған үлесі зор екенін атап өтуіміз керек. Мұның барлығы да ауызбіршілігі мен татулығы жарасқан жерлестеріміздің адал еңбегі мен маңдай тері деп бағалаймыз. Келесі жылы да жүйелі жұмыстар жалғасын табады деп сенемін, – деді.
Мерекелік шара соңында аудан басшысы Нариман Мақұлбеков аудан тұрғындарына «Барыс» жылы ырысты, табысты жыл болып, әрбір шаңыраққа құт-береке, мол несібесімен келсін, – деген ізгі тілегін білдірді.

Шиелі ауданы әкімдігі
01 қаңтар 2022 ж. 544 0