Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі

Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі


Апта ортасында алдымен Қызылорда қаласында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» атты педагогтардың дәстүрлі тамыз кеңесі онлайн өтті.
Дәстүрлі кеңеске эпидемиологиялық ахуалдың күрделігіне байланысты аудан әкімі Нариман Мақұлбеков, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздық, білім бөлімінің міндетін атқарушы Д.Насибеков бастаған аудан ұстаздары, мектеп директорлары ZOOM платформасы арқылы қатысты. Одан кейін ауданның білім саласына байланысты сала маманы баяндама оқып, бірнеше ұстаздар марапатталды. Атап айтар болсақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен Ғ.Төлегенов, А.Болатбекова, Қ.Әмзиев, М.Ережепова, Э.Дүйсенова, Г.Налибаева, алғыс хатымен Ж.Шохаев, Ж.Нуртазаева, Г.Алтаева, С.Нұрман, Ө.Әбдраманов, И.Тоқсанбаева. Ал, облыс әкімінің алғыс хатымен Т.Бөпежанов пен А.Қаракеева марапатталса, аудан әкімінің алғыс хатына Н.Көпенова, Ж.Байдраманова, Б.Жомартова, А.Баубеков, Г.Бекназарова ие болды.
Жаңа 2021-2022 оқу жылында 1-11 сынып аралығында 19 109 оқушы 977 сынып комплектісіне жинақталған. 1- сыныпқа қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында «mektep.sitcen.kz» сайты арқылы электронды түрде жүргізіліп, жаңа оқу жылында 1850 оқушы мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Сондай-ақ, биылғы оқу жылының жаңалығы ретінде «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтары 1-сынып оқушыларына салтанатты түрде табыс етілетін болады. Жаңа оқу жылы дәстүрлі (оффлайн) форматта басталып, барлық санитарлық талаптар толық сақталады. Мұнымен қоса, мектеп формасы сақталады және классикалық үлгідегі киім киюге де болады. Айта кетейік, аудандағы барлық білім ордаларының ұстаздары 98 проценке вакцина қабылдаған.

Ақбота Баянбай
27 тамыз 2021 ж. 919 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30