Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨШПЕЛІ ЖАСТАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

КӨШПЕЛІ ЖАСТАР КЕҢЕСІ ӨТТІ


Өткен аптада аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Есмахановтың төрағалығымен жастар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кент және ауылдық округ әкімдері мен ауылдық округтегі жастар ісі жөніндегі мамандар ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Кеңес отырысында аудан жастарына қатысты 5 мәселе тыңдалды. Атап айтар болсақ, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Төлегенов еңбек және жұмыспен қамту саласында жастарды нәтижелі жұмыспен қамту, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты атқарылған шаралар туралы алғашқы хабарламаны оқыды. Одан соң жастардың сапалы білім алу қолжетімділігі мен техникалық және кәсіптік білім алудың беделін арттыру мақсатында Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д. Насибеков атқарылған жұмыс барысымен бөлісті. Мұнан кейін Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Дайрақұлов колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы айтса, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Есімов жастарды жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тарту бағытында және Ақмая ауылдық округінің әкімі Б.Сағындықов Ақмая ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы турасында баяндама жасады.
Аталмыш кеңесте жастарға қатысты мәселелер көтеріліп, шешілу жолдары қарастырылып, кеңестің соңында тиісті сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.

Ақбота Баянбай
25 маусым 2021 ж. 532 0