Жастардың жайы жіті назарда
Өткен аптада Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде аудан басшысы Қамбарбек Мүбараковтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті.
Кеңеске аудандық дербес бөлім, кент және ауылдық округ әкімдері, жастар істері жөніндегі мамандар, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында аудан жастарының білім деңгейі, жұмыссыз және кәсіпке бет бұрғандары, жалпы жергілікті жастардың хал-жағдайы, әлеуметтік жай-күйі талқыланды.
Кеңеске аудандық дербес бөлім, кент және ауылдық округ әкімдері, жастар істері жөніндегі мамандар, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында аудан жастарының білім деңгейі, жұмыссыз және кәсіпке бет бұрғандары, жалпы жергілікті жастардың хал-жағдайы, әлеуметтік жай-күйі талқыланды.
Алғаш болып жастардың білім деңгейін жоғарылатуға арналған жоспар бойынша атқарылған жұмыстарды аудандық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мадиев баяндады. Бөлім басшысы «Биылғы оқу жылының басты ерекшелігі – мектептердің жан басына қаржыландыру тетігіне өтуі» деп, аудандағы «Самғау Shcool» жекеменшік мектебі жуырда осы жүйеге өтетінін хабарларды. Сондай-ақ оқушылардың білім сапасы, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында кәсіптік оқытумен және кәсіпті даярлаумен қамту шаралары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы айтты.
Жыл басынан бері 1500-ге жуық жас халықты жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Олардың басым бөлігі, атап айтқанда 1310 жас тұрақты жұмыспен және жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған. Қуанарлығы аудан жастары арасында «Бастау Бизнес» жобасына қызығушылық басым. Биылдың өзінде 162 жас өз бизнес жоспарын сәтті қорғап, қайтарымсыз қаржыға ие болды. Ал биыл оқу орнын аяқтаған 400-ден аса түлек жастар тәжірибесінен өтіп, оның 64-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов мәлімдеді. Жалпы аудан жастарын жұмыспен қамтуда атқарылып жатқан шаруалар ауқымды.
– Жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларына тарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырыла беретін болады, – деді сөз соңында бөлім басшысы.
Келесі болып кәсіпкерлік саласындағы жастарды жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тарту бағытында және жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Азамат Есімовтың баяндамасы тыңдалды. Айтуынша, ауданда бүгінге дейін тіркелген 5 мыңнан аса кәсіпкердің 865-ін жастар құрайды.
– Биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттық қаржыландыруға ауданнан 8 жоба ұсынылған еді. Нәтижесінде 3 адамға 8 млн теңге қайтарымсыз грант қаражаты бөлінді. Оның екеуі жас кәсіпкер. Алғашқысы «Бота» жеке кәсіпкерлігі «Ешкі сүтін терең өңдеу» жобасын сәтті қорғап 2 млн теңге қайтарымсыз қаржыны жеңіп алса, «Асылхан» жеке кәсіпкерлігінің иесі «Полистирол блоктарын шығару» жобасы бойынша 3 млн теңгеге ие болды, – дейді А.Ғаниұлы.
Жиында Ақмая ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы ауыл әкімі Бағлан Сағындықов баяндады. Ақмаяда 500 жас болса, оның 90-ы ауыл ішінде әртүрлі салада еңбек етеді. Сондай-ақ бүгінге дейін 12 мектеп мұғалімі мен 2 емхана қызметкері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баспаналы болған. Ауылдағы 53 кәсіпкердің 9-ы жастар.
– Ауыл жастарының кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру мақсатында жетістікке жеткен жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары төрағаларымен егіс алқабында тағылымдамалық еркін форматтағы кездесу өткізілді, – дейді ауыл әкімі.
Жиын соңында ауданда мемлекеттік жастар саясатын дамытуда сүбелі үлес қосып, белсене жұмыс жасаған сала мамандары мен жастарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкер азаматтар аудан әкімінің алғысымен марапатталды.
Гүлхан ЯХИЯ