Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ЖУАНТӨБЕДЕ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ЖУАНТӨБЕДЕ ӨТКІЗІЛДІ

Аудан әкімі ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫНЫҢ төрағалығымен Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы Жуантөбе ауылдық округінде өткізілді.

Жастар істері жөніндегі кеңес отырысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы И.Байкенжеев «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, ЖӨЛЕК және ЖУАНТӨБЕ ауылдық округтеріндегі мемлекеттік жастар саясатының жүргізілу аясында жасалып жатқан жұмыстары талқыланды.

Кеңеске дербес бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері мен жастар өкілдері, жастармен жұмыс жасайтын мамандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан болатын.

АУЫЛ ЖАСТАРЫ да белсенділік танытып, аудан әкіміне сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

КЕҢЕС СОҢЫНДА нақты көтерілген мәселелерге байланысты тиісті сала басшыларына қатаң тапсырмалар берілді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

30 қыркүйек 2019 ж. 1 069 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930