ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Алмалы ауылдық округінде ашық аспан астында Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті көшпелі отырысы өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Жаниязов Бауыржан Лепесұлы төрағалық етті.
Отырысқа дербес бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері,жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері мен жастар өкілдері, жастармен жұмыс жасайтын мамандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кеңес мүшелері отырыс алдында ауылдағы спорт клубтың жұмыстарымен танысып, спортшы жастармен кездесті. Мемлекет тарапынан жәрдем алған кәсіпкер, көпбалалы ана өзінің өнімдерін ұсынып, көрме көрсетті.
Кеңес отырысының күн тәртібінде 3 хабарлама тыңдалды.
1. Жастарға салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, олардың денсаулығын нығайту мен сақтаудың тиісті дағдыларын қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы: облыстық «Жастар денсаулығы орталығы» КММ Шиелі аудандық құрылымдық бөлімшесінің маманы Калекеева Салтанат Сейтжанқызы.
2. Ақтоған ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы ауылдық округі әкімі Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлы.
3. Алмалы ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы ауылдық округі әкімі Мәмбетов Әбілқасым Әбілдәұлының баяндамалары тыңдалды. Кеңес мүшелері баяндамашыларға сұрақтарын қойып, шешімін таппаған мәселелер талқыланды.
Отырыс соңында Алмалы ауылының тумасы, жас спортшысы, бокстан жасөспірімдер арасындағы облыстық, республикалық турнирдің жеңімпазы Мәдәлі Еркебұлан сөз алып, жеткен жетістіктері туралы айтып берді.
Аталмыш кеңесте жастарға қатысты мәселелер көтеріліп, шешілу жолдары қарастырылып, кеңестің соңында тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.