Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар кеңесі

Жастар кеңесі


Бейсенбі күні Ы.Жақаев ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімі Ә.Оразбекұлының төрағалығымен жастар істері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Жиналысқа кеңес мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері мен жастар өкілдері, жастармен жұмыс жасайтын мамандар қатысты.

Осыған дейін 3 сәуір күні облыстық кеңестің алғашқы көшпелі отырысы Гигант ауылдық округінде ұйымдастырылып, аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес өткен болатын. Екінші рет аудандық кеңес екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, дала академигі Ы.Жақаев ауылында ұйымдастырылды. Ондағы мақсаты қазіргі жастарға еңбек адамын насихаттау, жас­тарды техникалық мамандықтарға тартып, оның ауыл шаруашылығына үлкен септігін тигізетінін насихаттау еді.
Жастар – қай заманда да, қай елде болсын, асқақ арман мен үкілі үміттің, таза ар мен өр намыстың символы. Олар қоғамда белсенді буын өкілдері ретінде мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырып, жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал, жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, «Мәңгілік ел» болуына нық қадам бастайды. Сонымен қатар, түп-тамырымызды жете тануға бағыттап, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланы насихаттап, аталған бағыттарды ілгерілету бойынша нақты міндеттерді айқындап, өңірде осы мақсатта жұмыстар атқарылуымен маңызды. Ұлтымыз ғаламдық жаһандану заманында жұтылып кетпеу үшін жастарымыздың рухани болмысы мықты болып, мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіріп өсуіне айрықша көңіл бөлуіміз керек. Кеңес отырысының күн тәртібінде бес хабарлама тыңдалып, талқыланды. Бірінші хабарлама бойынша жастар шығармашылығын дамыту және өнерлі, шығармашыл жастарды қолдау бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Исабек Байкенжеев айтып берді. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Р.Шарипаев жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстары тақырыбындағы хабарламамен жалғастырды. Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Ерназаров өңірдегі (18-29 жас аралығы) жастарды жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тарту бағытында және жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша атқарылған жұмыстарына түсіндірме жүргізіп, сараптама жасады. Ақмая ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу тұрғысынан Ақмая ауылдық округ әкімі Ж.Арысланов баяндаса, ал, осы тақырыпта Керделі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Б.Сағындықов өзінің елді-мекеніндегі жастардың бүгінгі ахуалын айтты.
Сөйтіп, күн тәртібіндегі бес хабарлама тыңдалып, тиісті қаулылар қабылдануын аудан басшысы жауапты орындаушыларға тапсырды. Сонымен қатар, Елбасы «Жастар жылы» деп белгілегендіктен, осы жылдың аясында атқарылатын міндеттері мен жылдық жоспардың орындалуы туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова хабарлама жасады.


Жұлдызай Ноғайбайқызы.
13 сәуір 2019 ж. 1 309 0