Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Партия төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Сыздық ­Болат Мүбәрәков тағайындалды. Осыған дейін ауданның мәслихат хатшысы қызметін абыроймен атқарып келген жаңа орынбасарды кеше «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова, партия активтерінің алдында ресми таныстырды.
Сыздық Болат Мүбәрәкұлы 1961 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Шымкент педагогика инс­титутын 1983 жылы бітірген. Еңбек жолын №45 қазақ орта мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2001-2017 жылдары №157, №46, №127 мектептердің директоры. 2017-2021 жылдары Шиелі ауданының мәслихат хатшысы қызметін абыроймен атқарған.
Ал «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Патима ­Маханбет зейнет жасына жетуіне байланысты қызыметінен босатылды. Аудандық партияны 11 жыл басқарып, халықпен қоян қолтық араласып, бұқара мен биліктің арасында алтын көпір бола білген Патима Шаймерденқызын облыстық «Nur Otan» партиясы ұжымы атынан Ләйлә Бегалықызы құттықтап, Елбасы Н.Назарбаевтың алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов: «Өзіңізбен Шиеліні өркендету жолында бірлесіп қызметтес болғаным үшін ризашылығымды білдіремін. Аудандық мәслихат депутаты және кәсіпкер ретінде әлі талай жұмыстарды бірге атқарып, ара-қатынасымызды үзбейміз» деді. Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Абдрахманов, ауданның «Құрметті азаматы» Нәйла Палымбет пен облыстық мәслихат депутаты Баян Сабырқызы сөз сөйлеп, құттықтау лебіздерін білдірді.

«Өскен өңір» ақпарат
23 ақпан 2021 ж. 794 0