ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ!
«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мақұлбеков Нариман Әскербекұлының төрағалығымен аудандық партия филиалының Саяси кенес Бюросы мен аудандық фракцияның бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырыстың күн тәртібінде Аудандық партия филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген «Жол картасының» 2021 жылдың сегіз айында орындалуы барысы және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарды пысықтау туралы мәселе қаралды.
Отырысқа Бюро және фракция мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары және жауапты дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Отырысқа Бюро және фракция мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары және жауапты дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселеге орай, сайлауалды бағдарламаның толыққанды және тиімді іске асыру бойынша шараларды қабылдау жөніндегі жобалау жұмысшы тобының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Жандарбеков Айтбай Насраддинұлы Жол картасының орындалуы барысы мен алда атқаралатын шаралар жөнінде баяндады.
Жалпы «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасының іске асыру жөніндегі Шиелі ауданы бойынша Жол картасының
2021-2025 жылдар аралығына 5 жылға жасалған Жол картасы
7 индикатордан және 318 іс-шаралардан тұрады.
Ағымдағы жылы 68 іс шара. Бүгінгі күнге 37 іс шара, яғни 40,7% орындалып қалған 32 іс шара, яғни 35,2% жыл соңына дейін толық аяқталуына жұмыстар жүргізілуде. 5 шараның орындалмау қауіпі бар.
Жиын соңында аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Нариман Әскербекұлы фракция мүшелерінің ұсыныстарын ескеріп жыл соңына дейін орындалуы тиіс шаралар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ бюро және фракция мүшелері жол картасындағы шараларды орындау жөнінде қаулылар қабылдады