АРДАГЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП
Жер бетіндегі әрбір халықтың бойында өзгелерден даралап тұратын, өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлай отырып, сөзіне құлақ асу, кішіпейілділік таныту. Ұрпақтың ертеңгі күнінің бүгінгі күнінен асып түсуіне ықпал етіп, қоғамды алға қарай жетелеуші – осы қариялар мен ардагерлер.
Соның ішінде қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда соғыс және әскери ардагерлердің батырлығы мен ерлігін келер ұрпаққа насихаттау және үлгі тұту – баса назар аударарлық мәселе. Төл тарихымызға зер салсақ, қай кезеңде де қазыналы қариялар мен абзал ардагерлердің елді бірлік пен адал еңбекке жетелеп отырғанын байқаймыз. Осындай мақсатта жексенбі күні аудандық Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысының «Сыр әскери ардагерлері» қоғамдық кеңесінің жалпы отырысы өтті. Аталған жиынға ауданның «Құрметті азаматы» Өркен Исмаил мен қоғамдық даму бөлімінің жетекші маманы Дінмұхаммед Марданаев қатысты.

Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына 130-ға жуық әскери ардагерлер қатысты. Оларға «Сыр әскери ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің ардагерлік куәлігі табысталды. Сондай-ақ жиынға қатысқан ардагерлерге арнайы төс белгілер тағылды. Жиын барысында қатысушылар бірқатар тақырыптарды талқылап, алдағы уақытқа жоспар құрды.
– «Ардагер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып». Иә, бұл біздің бірлестіктің басты ұраны. Біз бүгінде облыстық әділет басқармасы бөлімінен арнайы тіркеуден өтіп, өзіміздің кітабымызды, жарғымызды, мөрімізді алдық. Ардагерлер қашан да құрметке лайықты. Қоғамдық бірлестіктің басты мақсаты – бүгінгі жастарды Отанды сүюге, елін қорғауға тәрбие беру, – деді қоғамдық кеңестің төрағасы Абдрахман Мусаимов.
Иә, расында ардақты да абыройлы ардагерлеріміз, қадірменді қарияларымыз ұлттық ұлағатымыздың, текті тіршілігіміздің, салт-дәстүріміздің темірқазығы іспетті. Қазақы қалпымызды сақтап, қасиетін жаңғыртып отырған қарияларымыз мол. Ендігі жерде солардың өмірлік мол тәжірибесі мен үлгі-өнегесін замана талабына сай ұрпақ тәрбиесінде ұтымды пайдалана білуіміз қажет. Біз – ерлікті ежелден енші тұтқан, елдікті ту етіп көтерген, ұрпақтар сабақтастығын парасатпен ұстанған елміз. Сондықтан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету бағзыдан қалыптасқан. Осы ретте неміс жазушысы Т.Фонтаненің «Қарапайымдылық – тәуір нәрсе ғана емес, сонымен бірге ең ізгі де дүние» деген сөзі ойға оралады екен. Иә, өмірі өнеге, қарапайым еңбегімен еленген ардагерлерімізді қалай құрметтесек те жарасады.
Сымбат СҰЛТАН