Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

9 ақпан күні Шиелі аудандық " Мейірім" Оңалту орталығы тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен жоспардан тыс аудандық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне "Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы" атты аудандық семинар өтті.

Семинарға қатысушылар орталықтағы топтарды аралап, ұйымдастырылған іс-әрекеттерін тамашалады. Орталықтағы басқа да арнаулы педагог мамандардың және медицина қызметкерлерінің жұмыстарын көріп, танысты. Семинардың негізгі бөлімінде орталық тәрбиешілерінің балалармен жұмысын көрсетті. Балаларға ұлттық ойындар жайлы түсінік бере отырып қазақтың киіз үйін таныстырып, оның әр бөлігіндегі ойын-тапсырмаларды балалармен бірге орындап отырды. Әр ойын-тапсырмалардың өзіндік ерекшеліктері болды. Балалар ойынға қызығып белсенділікпен қатысты. Әріптестермен бірге өткізілген "Жұдырықтай жұмылу - бірліктің белгісі" тренинг- ойында қатысушылар "1 мақал - 1 бауырсақ" айдарымен мақалды жалғастырды. Әріптестер 2 топқа бөлініп "Лабиринт" және "Шар ұшыру" ойынымен сайысып, "Ұршық иіру" және "Алаша әсемдеу" ұлттық дәстүрлерімен жалғасты. Қорытынды бөлімде әріптестер өз пікірлерін ортаға салып, семинардан алған әсерлерімен бөлісті.
Дереккөз:Шиелі аудандық білім бөлімі 
12 ақпан 2024 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031