Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ГРЭППЛИНГТЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ГРЭППЛИНГТЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің ажырамас бір бөлігі. «Шынықсаң – шымыр боласың» деуіміз де бекер емес. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Әсіресе жастардың салауатты өмір салтын ұстануы қуантады. Қазіргі уақытта елімізде кеңінен танымал «Грэпплинг» спорт түріне жастардың қызығушылығы жыл санап артып келеді. Спорт мектептерінде үйірмелер ашылып, облыстық, республикалық жарыстарда спортшылармыз бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінуде.


Атап айтар болсақ, 13-14 қаңтар күндері Нартай Бекежанов ауылында 9 спорт мектебінің жаттықтырушысы Төребек Жұмахановтың ұйымдастыруымен нашақорлыққа қарсы және жастарды спортқа баулу мақсатында Грэпплингтен (AIGA) балалар мен жасөспірімдер арасында облыстық біріншілік өтті. Жарыста Арал ауданы, Тереңөзек, Нағи Ілиясов және Қызылорда қаласынан қос бірдей спорт мектебінің намысын қорғап келген командалар өзара бақ сынады. Облыстың түкпіртүкпірінен келген жарысқа қатысушыларға Спорт мектебінің меңгерушісі Ержан Әлиев сәттілік тіледі.

Б о з к і л е м д е б е л д е с к е н ж а с спортшыларға көрермен болып келген қалың көпшілік қошеметтеп қол соғып, жалынды жастарға жігер берді. Үлкен жауапкершілікті сезінген спортшылар «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шығуға бар күш жігерін салып, көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Екі күнге созылған облыс біріншілігінің қорытындысы бойынша, 2006-2005 жылғы балалар арасында Жалғас Нысанбеков чемпион болса, 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасында 31 кг салмақ дәрежесінде Алтынбек Айдарбек және басқа да спортшылар өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Сонымен, облыс біріншілігінің іріктеуі бойынша ­ауданнан 8 балаға елімізде өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама берілді. Алдағы күндері еліміздің көк байрағын көкке желбіретіп, рухымызды асқақтатар спортшыларымыз биік шыңдарды бағындыра бергей.

Мейіржан ҚАЙРАТҰЛЫ
29 қаңтар 2024 ж. 186 0