Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 жылы Қазақстанда грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді

2019 жылы Қазақстанда грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді


АСТАНА. ҚазАқпарат - Келер жылы Астанада грэплингтен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қауымдастық алдындағы келер жылға жоспарланған жауапты істің бірі ол Астанада өтетін грэпплингтен әлем чемпионаты. Оның ерекшелігі олимпиадалық тәртіппен өтеді. Әлем чемпионатының алдында республикалық және Азия чемпионатын ұйымдастыру жоспарлануда. Яғни еліміздің үздік атанған спортшылары әлем чемпионатына жолдама алатын болады», - деді ҚР Грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин журналистермен болған баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар, Қ.Алин үстіміздегі жылы атқарылған қауымдастықтың жұмыстарына тоқталып өтті. «Осы жылдың шілде айында Астанада грэпплингтен «ASIA OPEN» халықаралық турнирі өтті. Оған 500-ден аса спортшы қатысып, еліміз жалпы есепте І орын иеленді. Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш рет «WORLD CUP» грэпплингтен жолдастық кездесу өтіп, оған АҚШ, Ресей және өз еліміздің мықтылары қатысты. Одан бөлек, күні кеше ғана Астанада грэпплингтен ел кубогы өз мәресіне жетті, оның жеңімпаздары 2019 жылы Пекинде өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады», - деді ол. Оның айтуынша, бүгінде аталған спорт түрі елімізде кеңінен танылуда. Оған дәлел барлық облыс орталықтарында грэпплинг федерациясы жұмыс істеп, жасөпірімдерді аталған спорт түріне баулуда. Сол сияқты, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық әкімдігімен бірлесіп, елордалық оқушылар үшін грэпплингтен «Мектеп лигасын» құрды. Алдағы жылы лига басқа өңірлерде де өз жұмысын жандандарытан болады. «Тағы бір маңызды дүние үстіміздегі жылдың 5 қыркүйегінде грэпплинг спорты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің аккредитациясына ие болды. Бұл дегеніміз енді аталған спорт түріне мемлекеттік тұрғыдан тиісті қолдау мен қаражат қарастырылады деген сөз», - деді Қ.Алин.  
inform.kz

10 желтоқсан 2018 ж. 944 0