Қола жүлде қоржында
Соңғы уақытта біздің өңірде спорттың барлық түрі кеңінен етек алып келеді. Соның ішінде шапшаңдық пен мықтылықты қажет ететін таэквондоға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл ойын негізінен шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорт түрлерінің бірі ретінде әлемге таралған. Бір жағынан бұл корей халқының ұлттық спорты, сондай-ақ ежелгі және заманауи күрес жүйесі болып табылады. Тіпті, 2000 жылдан бастап олимпиада ойындары қатарына кіргізілген.
Жалпы №10 аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі 2005 жылдан бастап балғын жастарды спорттың сан түріне тәрбиелеп келеді. Кезінде спорттың көшін алға сүйреп, спорттың дамуына өзінің үлесін қосқан, қазір спорт мектебінің директоры Ардақ Айтуаров спортшы жастарды қолдап, жеңіс тұғырынан көрінуіне септігін тигізуде. Аталған спорт мектебінде 882 жасөспірім спорттың 9 түрінен машығады. Оның ішінде шығыс жекпе-жегі саналатын таеквандо үйірмесі 2006 жылы ашылды. Осы спортпен айналысатын жастардың қатары да артып бүгінгі күні 138 бала тұрақты шұғылданып келеді. Сондай-ақ мұнда Сламхан Мұсатаев жетекшілік жасап келеді. Иә, ауданымызда да таэквондо жақсы дамыған десек артық айтқандық емес. Оның дәлелі Жыл сайын спортшылар халықаралық дәрежедегі жарыс-тардан жоғары нәтиже көрсетіп жүрген жас жеткіншектерден аңғаруға болады. Сонымен қатар республикалық деңгейдегі байрақты бәсекелер үздіксіз ұйымдастырылады. Мәселен, жақында Нұр-Сұлтан қаласында балалар арасында таеквондодан WT кадеттер арасындағы ҚР Чемпионаты өткізілген болатын. Аталмыш жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300-дей жас спортшы бақ сынады. Ал, бұл аталған мектептен 4 спортшы қатысты. Талай мықты балғындардың басын біріктерген жарыста мектептің таеквондошы ұлдары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, Ерасыл Темірбаев +78 келіден жоғары салмақта сынға түссе, Ұзақбай Ізбасар 41 кг салмақта өнер көрсетіп, екеуіде қола медалға қол жеткізді. Қос спортшы да қазіргі таңда №50 Абай атындағы орта мектебінде білім алады. Қазіргі таңда спортшылар № 10 аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің таэквондо үйірмесінде жаттығады. Бұлар-дың жаттықтырушылары С.Мұсатаев пен А.Кеңесұлы спорт шебері нормативін орындаған жаттықтырушылардың өздері дайындаған шәкірттері де үздік өнер көрсетіп келеді.
– «Шынықсаң-шымыр боласың» дегендей, спортпен тұрақты түрде айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастырған адамның денсаулығы мықты, мығым келеді. Спорт ол денсаулығыңды түзеп қана қоймай, өмірде барлық жетістіктерге жетуге көмектеседі. Оның үстіне, жігер мен қайсарлық та қажет – Таэквондоны кез келген спортшы меңгере алмайды. Өйткені, спорттың бұл түрі жылдамдық пен ептілікті талап етеді. Ал, мұндай әдіс-тәсілдерді Ерасыл мен Ұсақбай және басқа да шәкірттерім тез меңгеріп алды. Менің шәкірттерім көбіне шаршы алаңда ұқыпытылығымен, ыждағаттылығымен, тәртібімен оқ бойы озып шығып, чемпион атанып жүр. Сондықтан, оның келешегінен мол үміт күтуге болады, – дейді № 10 аудандық олимпиадалық резервтің спорт-мектебінің жаттықтырушысы Сламхан Мұсатаев.
Бізде болашағынан зор үміт күттірер қос балғынның байрақты бәсекелерде бағындырар белесі мен алар асуы көп болсын демекпіз.
Шапағат Тілеубаев