Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандыдан қанжығалы оралды

Қарағандыдан қанжығалы оралды


«Шынықсаң – шымыр боласың» , «Спорт – денсаулық» кепілі демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Әсіресе, пандемия уақытында спортпен шұғылдану денсаулыққа үлкен көмек.
16-18-ші сәуір аралығында Қарағанды облысында балалар және жасөспірімдер арасында грепплинг және грепплинг ги спорт түрінен республикалық чемпионат өтті. Чемпионатқа 2008-2009 жылғы жасөспірімдер қатысып, бақ сынасты. Нариман Елеупановтың жетекшілігімен дайындалған жасөспірімдер жаттықтырушының еселі еңбегін қайтарып, жүлдегер атанды. Жүлдегерлер бүгінгі таңда №49 орта мектептің оқушылары – Аяулым Сейтман мен Жандос Сейдахмет. Чемпионат барысында Аяулым Орақбайқызы 1 күміс, 1 қола иеленсе, 27 кг көрсеткішінде өнер көрсеткен Жандос 2 күмістен алқа тақты. Екі оқушы да №9 Шиелі аудандық олимпиядалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінің жас спортшысы.
Күнделікті жаттықтырушының қадағалауымен тынбай жаттыққан жас спортшылар 3 күміс, 1 қоламен қанжығасын майлады. Ата-ананың, ұстаздар мен бапкерлерінің үмітін ақтаған жас спортшыларға құтты болсын дейміз.

А.МҰРАТҚЫЗЫ
19 сәуір 2021 ж. 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31