Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлзада Айтекеева: БҮГІНГІ КҮНГЕ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ 14 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Гүлзада Айтекеева: БҮГІНГІ КҮНГЕ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ 14 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ



Сала басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Шиелі ауданында қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанып келеді. 2023 жылдың қараша айында қызылша ауруының 95 жағдайы, желтоқсан айында 32 жағдайы тіркелсе, бүгінгі күнге қызылшаның 14 жағдайы тіркелді. Яғни, төмендеу қарқыны байқалады. Бұған, аурудың төмендеуіне бірден-бір себеп болып отырған спецификалық профилактика – жаппай иммундау шаралары, – деді Г.Әйтекеева брифинг барысында. Қызылша ауруына қарсы жаппай иммундау шарасы есепті жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасады. Демек, 18 жасқа дейінгі әр түрлі себептермен жоспарлы егумен уақытылы қамтылмай қалған, екпе туралы құжаттары жоқ немесе екпелердің толық курсын алмаған азаматтарға екпе жұмыстары орындалады. Бұл тек қана қызылша ауруына қарсы емес, жыл соңына дейін жалпы Ұлттық күнтізбелік бойынша жоспарлы егуге жататын контингенттер арасында жүреді.

Айта кетейік, Шиеліде қызылшаға қарсы егу шарасына 6 ай мен 10 ай 29 күн аралығындағы 1152 бала жоспарланып, бүгінгі күнге 1116 бала егумен қамтылып, қамту пайызы 96,8% құрап отыр. Брифинг соңында Г.Айтекеева: «Қызылшаға қарсы вакцинация тұрақты иммунитет қалыптастырады. Егерде сіз немесе сіздің балаңыз сырқаттанған жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Құрметті ата-аналар! Балаңыздың денсаулығы – сіздің қолыңызда. Балаңызға вакцинацияны алуға және еліміздің дені сау азаматы болып өсуге көмектесіңіз» деп балалардың денсаулығын аса жіті назарда ұстау керек екенін жеткізді.
Айнұр ИБРАШ
21 қаңтар 2024 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930