Шиелі ауданында қызылша ауруы өршіп тұр
Бүгінгі таңдаШиелі ауданында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Бүгінгі күнге дейін қызылшаның 132 жағдайы тіркелді, оның 85-інің диагноз лабораториялық зерттеу қортындысымен нақтыланған. Жалпы ауруға шалдыққандардың86 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар құрады, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың және 1-5 жасқа дейінгі балалардың үлесі басым. Кәсібіне қарай : ұйымдаспаған топ баласы -95, бала бақша балалары -9, оқушылар – 11, студенттер -1, жұмыссыздар -11, қызметкерлер -1, мұғалімдер -1;
Қызылша ауруының алғашқы жағдайы 29.03.2023ж ауданымызда тіркелген , аурушаңдықтың аудан бойынша күрделенуі тамыз айынан бастап орын алуда, алдындағы маусым айымен салыстырғанда аурушаңдық 5 есеге ұлғайып, тек тамызайында нақтыланған қызылша ауруының 40 жағдайы тіркелді. Қыркүйек айындааурудың саны 21 жағдай болса, ал қазан айында 46 жағдай есепке алынып, жалпы тіркелген аурудың 50 пайызын құрады.
Қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайының күрделенуіне септігін тигізген себептердің бірі ол қызылша ауруына қарсы міндетті жоспарлы профилактикалық екпелердің алмауы болып отыр.Қызылша ауруына шалдыққан науқастардың50 пайызы әр түрлі себептерге байланысты қызылшаға қарсы егілмегендер, оның ішінде 22 пайызыҚР Ұлттық алды ала егу кестесіне сәйкес егу жасына жетпеуіне байланысты, яғни бала 1 жасқа толмауына байланысты егілмесе, 28 пайызы егу жасы жетіп тұрғанымен, ата аналардың жоспарлы екпелерден бас тартқанның салдарынан егілмеуде
Қызылша науқастарының жұқпа ауру көздері анықталғаны 63, яғни 86,3 пайыз. Есепке алынған 110 жағдайдың 51,8 пайызы кент орталығынан анықталса, қалған 48,2 пайызы елді мекен тұрғындары арасынан тіркеліп отыр.
Ағымдағыжылдың қараша айының 6 жұлдызынан бастап қызылша ауруына қарсы 6-10 ай аралығындағы балаларға және желтоқсан айында 2-4 жас аралығындағы балаларға жаппай иммундау және қызылша ауруына қарсы егілмеген және егу статусын нақтылайтын құжаттары жоқ 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлер мен 18 жасқа дейінгі балаларға иммундау науқаны басталды.
Қызылша – ауа тамшылы жолмен тез тарайды, жедел жұқпалы ауру. Қызылшаға екпе алмаған адам науқаспен қысқа уақытта байланыста болса да жұқтыру қаупі өте жоғары. Бұл вирус ауа арқылы тез таралуына байланысты, науқас адаммен тікелей байланыста болмасаңыз да, инфекцияны жұқтыру науқаспен бір бөлмеде аз уақытта болудың өзі жеткілікті.
Әрқашан инфекция көзі-ауру адам болып табылады. Қызылшаға қарсы екпе алмаған ересектерде жұқтыру қаупі өте жоғары және ауру балаларға қарағанда ауыр түрде өтеді.
Қызылшамен сырқаттанған адам басқаларға бөртпе шықпай тұрып 4 күн бұрын және шыққаннан кейін 4 күн ішінде қауіпті. Ауру инфекция жұқтырғаннан кейін 7-18 күн ішінде дамиды.
Балалар аурушаңдығы негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен, сондай-ақ вакцинациядан медициналық кейінге шегеру және егу жасына жетпеу себебінен вакцинацияланбағандар арасында тіркеледі.
Қызылша белгілері:
Ауру бөртпе пайда болып басталмайды. Қызылшаның алғашқы белгілері суық тию , немесе жедел респираторлы вирусты инфекция белгілеріне өте ұқсас. Дене қызуы 38-40 градусқа көтерілу, әлсіздік, тәбет тартпау, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, сонымен қатар коньюктивит-көзі қызарып қабыну пайда болады және де қызылша ауруына тән алғашқы белгі – азу тістердің түбіндегі дақтарды көруге болады.
Алдын алу шаралары:
Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – екпе (вакцина). Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Профилактикалық егулердіңұлттық күнтізбесіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі. Сондай-ақ қызылшамен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтері жоқ 18-35 жастағы ересектер егіледі. Қызылшаға қарсы егілгені немесе бұрын қызылшамен ауырғаны туралы мәліметтері нақты емес қызылшамен ауырған науқаспен байланыстаболған адамдар вакцина алуы қажет.Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімдіиммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиологиялық ахуал төмендеген кезде жүргізілген болсада қызылшаның дамуының алдын алады. Екпе алмаған жағдайда жұқтыру қаупі өте жоғары екенін тағы да ескертеміз.
Аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады.
Ата- аналарға :
Балаңызды қорғап үлгеріңіз !

- Балаларының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда қызылшаға қарсы профилактикалық егулер алу;
- Қызылшаға қарсы егілмеген балалардың әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын , ойын-сауық сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеу ұсынылады.
Балаңызды қорғап үлгеріңіз !