Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда да қызылша ауруына шалдыққандардың басым бөлігі – балалар

Қызылорда да қызылша ауруына шалдыққандардың басым бөлігі – балалар


Қызылорда облысында биыл қызылша ауруына шалдыққан тұрғындардың басым бөлігін балалар құрайды. Оның ішінде үштен бір бөлігі 1 жасқа толмаған сәбилер арасында тіркеліп отыр, деп хабарлайды Kazinform.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында лабораториялық зерттеу нәтижесімен қызылша ауруының 460 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 387-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында есепке алынған.

«Ал 117 жағдай 1 жасқа толмаған сәбилер арасында тіркелсе, ол 73 ересек тұрғыннан анықталды. Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмаған. Олардың саны жалпы сырқаттанған азаматтардың 65%-ын құрайды. Атап айтқанда, медициналық қарсы көрсетілімге байланысты егілмегендер үлесі – 17,6, егілетін жасқа жетпегендер үлесі – 39, вакцинациядан бас тартқандар үлесі – 39,2%-ды құрайды. Сондай-ақ, 64 науқастың қызылшаға қарсы иммундық мәртебесі белгісіз екендігі анықталды. Ауырғандардың ішінде екпе алған науқастар да бар. Алайда олар қызылшаға қарсы екпенің толық курсын қабылдамаған. Тек 1 дозасын алған. Яғни ағзада толық иммунитет қалыптаспаған. Сондықтан ауруды жұқтырып алу дерегі отіркелген», – деді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологияляық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Ыдырысова.

Облыс бойынша анықталған деректердің басым бөлігі Қызылорда қаласының (308 жағдай) үлесінде. Аудандар бойынша ол Аралда – 40, Қазалыда – 22, Қармақшыда – 7, Жалағашта – 4; Сырдарияда – 6, Шиеліде – 66 және Жаңақорғанда -7 адамды құрайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын тұмаудан қалай сақтану керектігі жөнінде маман пікірі берілді.
19 қазан 2023 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031