Бас санитар дәрігер қызылша дертіне байланысты ата-аналарға ескерту жасады
Елімізде қызылша дерті өршіп барады. Осы жағдайға байланысты бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин ата-аналарға ескерту жасап, қызылшаға қарсы екпе салынбаған балаларды адамдар көп шоғырланатын орындарға апармауға шақырды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.
Бүгінде мемлеке бойынша 3 ай ішінде қызылша дертіне шалдыққан адамдар саны – 900. Олардың 80 пайызы балалар екен. Ақмола облысы, Ақтөбеде дендеген дерт бүгінгі таңда Атырауға да жетіпті. Бұл өңірде 60-қа жуық адам қызылшаға шылдықты деп күдіктелуде. Дерт жұқтырғандардың қырықтан астамы ғана ауруханаға қаралса, 4 бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімін түсіпті. Қазіргі уақытта олардың біразы ауруханадан шығарылып, басқалары палатаға ауыстырылған.
Дертке шалдыққандардың дені 14 жасқа толмаған балалар екен. Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қызылша жұқтырған балалардың көбі аталған дертке қарсы екпе алмаған. Осыған орай ол ата-аналарға екпе алуға кеңес беріп отыр. Ал екпе салынбаған балаларды адам көп жиналатын орындарға жібермеген дұрыс, дейді Бекшин.
«Былтыр ел бойынша 576 жағдай тіркелді. Әрине, бұл тіркелген жағдай өсу бар. Бірақ локальді аурудың өршуі Астанаға баға беріп жатырмыз. Неге десеңіз, бұл қалада екі жылға жуық уақыт осы ауру тіркелмеді. Өткен жылы байқалды. Атыраудағы ауруханада 25 ауру жатыр», – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.
Stan.kz