Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 27 жастағы азамат менингитке шалдықты

Қызылорда облысында 27 жастағы азамат менингитке шалдықты


Менингит дертіне шалдыққан кезекті науқас Қызылорда облысында тіркелді. 27 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға түскен.Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Менингококк инфекциясын жұқтырған 27 жастағы азамат 31 мамыр күні ауруханаға түскен.
“Дәрігерлер науқастың жағдайын бірқалыпты ауыр деп бағалап отыр. Онымен байланысқа түскен 11 адам бақылауға алынды. Жергілікті өңірде профилактика жұмыстары жүріп жатыр”, – деп хабарланды баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта аудандық аурухана қызметкерлері Жаңақорған ауданы тұрғындарын ескертумен айналысуда. Жалпылама алғанда облыстағы эпидемиологиялық ахуал орташа деп бағалануда.
Айта кететін жайт, облыста өткен жылы және биылғы жылдың төрт айында менингитке шалдыққан жандар тіркелген жоқ.
Менингитті алдын алу мақсатында келесі аптада №6 емхана базасында екпе салынатын болады. Қалаған адам 22 мың теңгеге екпе салдыра алады.
Stan.kz
01 маусым 2018 ж. 4 960 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 39

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930