Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданымыздағы қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы

Ауданымыздағы қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы

Қазіргі таңда Шиелі ауданында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлықсыз деңгейде. Ауданымызда 21.12.2023 жылға дейін қызылшамен 241 жағдайы тіркелді, оныңы 108- інің диагноз лабораториялық зерттеу қорытындысымен нақтыланған. Жалпы ауруға шалдыққандардың 86,0 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар болса, оның ішінде 1-5 жас аралығындағы балалардың үлесі басым болып тұр, яғни 182 жағдай. Есепке алынған 241 жағдайдың 42,7 пайызы кент орталығынан анықталса, қалған 57,3 пайызы ауылдық өңір тұрғындары арасынан тіркеліп отыр.
Ағымдағы жылдың қараша айының 6 жұлдызынан бастап қызылша ауруына қарсы 6-10 ай 29 күн аралығындағы балаларға жаппай иммундау науқаны басталып, қызылшаға қарсы егілуге тиісті 1025 баланың 857- і егіліп, яғни 83,6 пайызға орындалып, екпе жұмыстары жалғасуда. Желтоқсан айынан бастап 2- 4 жас аралығындағы балаларға қызылшаға қарсы екпе жұмыстары басталып, қазіргі таңда жоспарланған 5510 баланы 4698- і қызылшаға қарсы егіліп, 85,3 пайызға орындалып, екпе жұмыстары жалғасуда.
Ата-аналардың назарына балаларының қызылшаға қарсы егу мәртебесінің болғаны, вакцинация болмаған жағдайда қызылшаға қарсы профилактикалық егулерін алып, иммунитет қалыптастыру қажеттілігі және қызылшаға қарсы егілмеген балалардың қызылша жұқтыру қаупі жоғары болатынын ескертеміз.

Шиелі аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау
басқармасының жетекші маманы      Абдиров Спандияр Тілеубергенұлы
22 желтоқсан 2023 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930