«Өмірге – «Иә», ал есірткіге – «Жоқ» деп айт!»
Есірткі – адам болашағының бұлыңғыр бейнесі, өлі арман мен ессіз тағдырдың айқын көрінісі. Бұл кеселден тек өзімізді емес, ордалы ортамызды және кемел елімізді арашалап, сақтауға ат салысуымыз қажет.
Біз Қазақ елінің жастары, болашағы зор, мәңгілік елде өмір сүргіміз келеді. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саясатын толық қолдай отырып, Қазақстанның бүкіл жастарына үндеу жариялаймыз!
Біз:
– азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануын;
– білімді һәм сауатты болуын;
– жоғары кәсібилік пен Отанға деген адал қызмет етуді ҚОЛДАЙМЫЗ!
Біз нашақорлық және есірткі бизнесінің кез-келген көріністеріне «нөлдік» жағдайды туғызып, нашақорлық кеселінен салауатты тұрғыдан арылуымыз керек. Біздің басты қағидатымыз – білім алып, денсаулық атты аманатымызға құрметпен қарап, еліміздің болашағын тек жақсы жаққа қарай бағыттау болуы тиіс. Біздің әрқайсысымыз күнделікті өмірде нашақорлық кеселіне қарсы тұра білуіміз керек!
Біз Қазақстанның жастарын:
– нашақорлық пен есірткіге қарсы іс-қимыл қозғалысының өзегі болуға;
– қиындыққа тап болған жанды тұңғиықтан алып шығуға;
– аманатымыз-денсаулығымызға құрметпен қарап, сақтауға;
– елімізді нығайтуға бар күш-жігерін салуға ШАҚЫРАМЫЗ!
Біз, еліміздің болашағымыз. Біздің айтарымыз, Өмірге – «Иә», есірткіге – «Жоқ»!
№127 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің
6 «в» сынып оқушысы Көшербай Махаббат