Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған комиссияның кезекті отырысы өтті.

Онда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алу мәселелері қаралды.
Аймақ басшысы халыққа қызмет ететін мемлекеттік орган қызметкерлері міндеттерін адал орындауы керектігін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа Жолдауында барлық саладағы негізгі ұстанымымыз – адалдық, ашықтық және теңдік қағидатына негізделуі керек екенін атап өтті.
Бүгінгі комиссия отырысына арқау болатын бірнеше мәселеге де қатысты Президент нақты талаптар қойды. Бұл ретте барлық мүдделі органдар мен жергілікті әкімдік қызметшілері міндеттерді мінсіз атқаруға тиіс», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және оған қарасты квазимемлекеттік мекемелерге жүргізген сыртқы талдау нәтижелерін таныстырып, саладағы тәуекелдерге тоқталды.
Мұнан бөлек, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшылары сыбайлас жемқорлықты жою және алдын алу бойынша атқарған жұмыстарын баяндады.
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы облыс әкімінің тапсырмасымен мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандыру нәтижелерін талдағанда жергілікті мекемелер жүктемесі азайып, сатып алу процедуралары айтарлықтай ашық өтуіне ықпал ететінін атап өтті. Жаңа бақылау тетігін енгізу нәтижесімен камеральды хабарламалар саны 30%-ға, әкімшілік жауапкершілік 49%-ға, шағымдар саны 39%-ға төмендегенін айтты. Айта кетейік, бұл тәжірибе алғаш рет Қызылорда облысында қолданылып, қазір тиімділігін дәлелдеді.
Жиын қорытындысымен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына жасалған сыртқы талдауларға сүйеніп, басқармалар мен оған қарасты мемекелерде заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында нақты шаралар қабылдау, түсіндірме жұмыстарын күшейту тапсырылды. Ал, мемлекеттік сатып алу басқармасына сатып алу рәсімдеріндегі оңтайландыруды қажет ететін кейбір процестерге талдау жүргізіп, қауіп-қатер туындауы мүмкін мәселелер бойынша құзырлы органдарға ұсыныс енгізу жөнінде тапсырма берілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
20 қыркүйек 2023 ж. 87 0