Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ТАПСЫРМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ТАПСЫРМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


 Қызылорда облысының әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде мәжіліс өтіп, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы талқыланды.
Облыс әкімінің кеңесшісі Мақсұт Нәлібаев Мемлекет басшысы анықтап берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бағыттарын атап өтіп, өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өткен болатын. Онда Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының негізгі бағыттарын айқындап берді: 1) азаматтардың құқығын қорғау; барлық мемлекетік органдар мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдағанда Конституциямызға сәйкес ұлтына, дініне, мүлік жағдайына қарамастан барлық азаматтар тең деген ереже басшылыққа алынуы қажет; 2) мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті әріптестігі; қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасуы шарт; 3) қоғамдық бақылауды күшейту және мемлекеттік шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету; 4) бюджеттік саясаттың ашықтығы; 5) жемқорлыққа қарсы саясатта өңірлердің рөлі және Елбасының «Жемқорлықтан еркін аймақтар»  жобасын жүзеге асыру; 6) тұрмыстық жемқорлықты жоюдың бірден бір көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету ісіндегі үдемелі цифрландыру; 7) мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіріп, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету.
Өз кезегінде облыс әкімі кеңесшісі Мемлекет Басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде бірқатар ұсыныстарын жеткізді.  Мәселен, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің филиалдары жұмысын жандандыру қажет және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының бастамасымен жасалып жатқан «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын зерделеп, «Барлығына қолжетімді, әркімге қолайлы» акциясын жалғастыру ұсынды.
Сондай-ақ, мәжілісте денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов аталмыш саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және туындау себептерін түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. 
 
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін денсаулық сақтау саласында төмендету бойынша медициналық ұйымдармен бірлескен іс-шара жоспары бекітілді. Жыл басынан бері  330 арыз-шағым түскен, өткен жылмен салыстырғанда 9% азайған", - деді Ж.Абдусаметов.

Айта кетейік, 2019 жылдың басынан – 792 684  қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға көбейген.
Сонымен қатар, "Ақмешіт-адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов өңірдің  медициналық мекемелерінің қызметі бойынша  жасалған мониторинг нәтижесін айтты.
Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жауапты тұлғаларға мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.
«Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша нақты міндеттерді белгілеп, негізгі бағыттарды айқындады. Мақсат – анық. Тек, барлық мемлекеттік органдар бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуі қажет. Жергілікті әкімдер, мемлекеттік орган басшылары, жемқорлықты түбегейлі жою - сіздердің жұмыстарыңыздың негізгі көрсеткішінің бірі. Жемқорлық бойынша бағынысты қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері үшін бірінші басшылар сіздер тікелей жауаптысыздар»,-деді аймақ басшысы.

08 маусым 2019 ж. 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930