Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – тұрақтылық пен бірлік кепілі

«Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – тұрақтылық пен бірлік кепілі



«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – тұрақтылық пен бірлік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылық өкілі, этномәдени орталықтың белсенді өкілдері жиналды. Мәселе қоғам үшін аса маңызды – жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қозғалды. 
Елбасы сыбайлас жемқорлықты бүкіл қоғам болып күресу арқылы жеңуге болатындығын айтты. Міне, сол қоғамның белсенді қатысушыларының бірі ретінде этномәдени бірлестіктерінің алатын орны ерекше. Бұл туралы дөңгелек үстел қатысушылары сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастықтың әлеуетінің маңыздылығын атап өтті. Тақырыпқа байланысты өз пікірлерін, ұсыныстарын айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекет пен қоғам арасында диалогтық алаңдарды бірлесіп ұйымдастыруды қамтамасыз ететініне сенім білдірді.
17 мамыр 2018 ж. 1 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930