Құқық бұзушылар құрықталмай қоймайды
Осы аптаның алғашқы жұмыс күні аудан әкімі Ә.Оразбекұлының төрағалығымен аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия
отырысы өтті.
Бірінші кезекте аудан көлемінде заңсыз есірткі егу фактілерін болдырмау, егілуі мүмкін жерлерді анықтау, оларды алдын алуды ұйымдастыру жөніндегі құрылған жұмысшы топтың атқарған жұмыстары туралы аудандық ішкі істер бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің бастығы Д.Төлеуов хабарлама жасады. Ол, аудан көлемінде заңсыз есірткі егу фактісі бойынша тіркелген деректерді атап, алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылып жатқан іс-қимылдарды жандандыра түсетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, есірткінің сипатын, бүгінгі таңда ескі арналардың ішінен табылып жатқандығы туралы да мәлімет беріп өтті.
Ал, мұнан соң оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысқа қарсы атқарылған күрес шаралары туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қызылорда облысы бойынша департаментінің оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының бастығы Р.Тілеп баяндама жасады. Баяндамашы сөз барысында газет беттерінде жарияланған сенім телефондарының барлығы бірдей жұмыс жасай бермейтіндігін тілге тиек етті.
Қос жиында баяндалған мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына тапсырма беріп, «Еліміздің, туған жеріміздің өсіп-өркендеуіне кедергі келтіретін олқылықтарды жою үшін бар күш-жігерімізді сарп етуіміз керек», – деп жиынды қорытындылады.
«Өскен өңір» ақпарат.