Кеншілер алғысқа кенелді
Жұма күні «Волковгеология» АҚ-ның 75 жылдық мерейтойына орай «Арман» мәдениет үйінде салтанатты кеш өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Нұржан Ахатов, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясына қарасты филалдардың басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Еліміздегі тау-кен өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі – уран өндірісінің жолға қойылғанына биыл 75 жыл толып отыр. Жалпы, Қазақстанда әлемдегі бүкіл уран өндірісі көлемінің шамамен 40 пайызы, яғни жылына 20 мың тоннадан астам уран өндіріледі.
Еліміздегі тау-кен өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі – уран өндірісінің жолға қойылғанына биыл 75 жыл толып отыр. Жалпы, Қазақстанда әлемдегі бүкіл уран өндірісі көлемінің шамамен 40 пайызы, яғни жылына 20 мың тоннадан астам уран өндіріледі.
Биыл ауданның жетекші кәсіпорындарының бірі «№6» Кен басқармасының құрылғанына да 40 жыл толып, сала мамандары құрмет төрінен көрінген еді. Бүгін міне, кен орындарын барлау саласының майталмандарына құрмет көрсетілуде.
Аудан басшысы барлық кен барлау саласының майталмандарын 75 жылдық мерейлі мерекемен құттықтады.
– Бүгін «Волковгеология» акционерлік қоғамында қызмет істейтін барлық азаматтарға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің күнделікті істеген жұмыстарыңыз сырт көзге көрінбегенмен, аса маңызды қызметке жауаптысыздар. Еңбектеріңіз орасан зор. Себебі, кен орындарын барлау саласы елдің экономикасы үшін, мемлекеттің бүгіні мен ертеңі үшін қажетті сала. Осыны естен шығармаңыздар. «Елге еткен жақсылық жерде қалмайды», демекші елмен бірге жасап, елмен бірге табысқа кенеле беріңіздер. Әрбір бастамаларыңыз табыс әкелсін, – деді Нұржан Сәбитұлы
Айта кетейік, 2018 жылдан бері еліміз уран өндіру мен сату бойынша әлемде бірінші орында. Уран қоры бойынша екіші орынға тұрақталған. Бүгінгі таңда уран өндірісі Шиелі ауданы экономикасының негізгі тірегіне айналды. Бұл көрсеткіштерге кен орындарын барлау саласы мамандарының жүргізген зерттеу нәтижелері, жерімізден уранның мол қорының табылуы себеп болды.
Сондай-ақ, кәсіпорын өзінің 75 жылдық тарихында 40-тан астам уран кен орындарын ашып, жалпы 1,5 миллион тоннаға жуық уран қорын анықтаған. Әлемдегі ең ірі минералдық-шикізаттық базасын құрды. Нәтижесінде, кен өндіруі ісімен айналысатын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясына қарасты мекемелерде 3000-нан астам адамға тұрақты жұмыс орындары ашылып, ауданның әлеуеті артты.Волковгеологияның құрамына 19 ірі уран кен орны кірсе, ауданда «№23 Геологиялық барлау экспедициясы» филиалы жұмыс істеп келеді.
Шарада бірқатар азаматтарға аудан әкімінің, аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттары мен арнайы мерейтойлық төсбелгілері табысталды. Әрмен қарай салтанатты кеш концерттік бағдарламаға ұласып, естелік суретке түсумен аяқталды.
Айнұр ИБРАШЕВА