Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда блогерлердің қызметін реттейтін заң күшіне енді

Қазақстанда блогерлердің қызметін реттейтін заң күшіне енді


Сурет: pexels

Бүгін, 9 қыркүйекте «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Аталған құқықтық құжатқа 10 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңға сәйкес, ел аумағындағы онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынады.
Құқықтық құжаттағы ең басты жаңалық әлеуметтік желілердегі онлайн платформалар интерфейстеріне мемлекеттік тілді енгізуге міндетті. Блогерлер контентті қазақ тіліне автоматты түрде аудару мүмкіндігін жасауы тиіс.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында қазақ тіліндегі контентті модерациялау керек.
«Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, суицидті, порнографияны, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды, сепаратизм идеяларын, алаяқтықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын ақпаратты үндеу, насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне және аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелер, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашатын ақпарат және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған өзге де ақпарат құқыққа қайшы контент саналады» делінген заң мәтінінде.

Заң шеңберінен тыс ақпараттар орналастырылған контенттің жұмысын шектеу немесе тоқтату «Байланыс туралы» ҚР Заңының 41-1-бабына сәйкес жүргізіледі.

Онлайн-платформаның меншік иесі, не болмаса заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін 24 сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

Интернеттегі жарнамаға қойылатын талаптарға келетін болсақ, оларға сәйкестендіру және таңбалану талабы қойылады.
«Онлайн-жарнама уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен таңбаланады. Онлайн-жарнаманы орналастыру және тарату «Жарнама туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Онлайн-платформа пайдаланушыларды мәтіндік және графикалық, болмаса өзге де белгілердің көмегімен мақсатты онлайн-жарнаманы сәйкестендіруі тиіс».

Таргеттелген онлайн-жарнамада оның жарнама екенін көрсететін арнайы белгілері көрсетілуі қажет.

Жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нәсілдік немесе ұлттық тиістілік, саяси көзқарастар, биометриялық немесе дербес деректер, пайдаланушының денсаулық жағдайы туралы ақпарат негізінде профайлинг жасауға тыйым салынады.
Сондай-ақ, Әкімшілік кодекске жаңа бап енгізілді.

«Ол онлайн-платформалар арқылы жалған ақпаратты тарату үшін жауапкершілікті көздейді. Мәселен, 20 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылады (69 000 теңге). Егер бір жыл ішінде адам жалған ақпарат тарату фактісіне қайта жол берсе, онда ол 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынынады немесе 40 АЕК (138 000 теңге) айыппұл төлеуі тиіс», делінген құжатта.
11 қыркүйек 2023 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930