eGov.kz порталы арқылы әкімшілік айыппұлдарды тексеруге болады
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ eGov.kz порталында әкімшілік айыппұлды тексеру бойынша қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды, деп жазады zakon.kz. Енді азаматтар онлайн режимінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтама ала алады (Қызметтің атауы: "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді беру"). Қызмет жеке тұлғаларға ЭЦҚ арқылы қолжетімді. Қызметті пайдалану үшін мыналар қажет: "Құқықтық көмек" бөліміне өту; "Құқықтық қатынастар" қосымша бөлімінде "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру" қызметін табу; "Қызметке онлайн тапсырыс беру»; Қол қою әдісін таңдау (ЭЦҚ, бір реттік құпиясөз (sms)); Қызметке қол қою. Қызмет паспортына сәйкес анықтама 15 минут ішінде, қосымша тексеру жүргізілген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні, шетелге шыққан жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде өңделеді. Бұл қызмет тек нақты уақытта төленбеген әкімшілік құқық бұзушылықтарды көрсетеді, сондай-ақ олардың төлеу кезеңі бір жылдан кемірек уақытты құрайтын төленген айыппұлдарды да көрсетуі мүмкін (ҚР ӘҚБК сәйкес). 2017 жылдан бастап бұл қызмет тек "ҚР Бас прокуротурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне" және "Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-ға жүгінген кезде ғана көрсетілгенін естеріңізге сала кетейік