Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Хабар 24» және «Kazakh TV» арналары ғаламтордағы белсенділігін арттырады

«Хабар 24» және «Kazakh TV» арналары ғаламтордағы белсенділігін арттырады

Мәскеудегі World Content Market конференциясы аясында контентті жаңа Оу-Ти-Ти алаңдарында орналастыру жөнінде келіссөздер өтті. Оу-Ти-Ти алаңы деп, байланыс операторының қатысуынсыз смартфон немесе компьютер пайдаланушының құралына тікелей видео жіберетін алаң аталады. Шара аясында 600 компанияның бір жарым мыңнан астам өкілі аудио-бейнежазбаларды бірлесіп шығару және сатып алу туралы келіссөз жүргізді. Биыл осы шараға 40 елдің делегаты қатысып отыр. Қазіргі кезде «Хабар» Агенттігіне тиесілі арналар «Винтера ТВ» халықаралық платформасында орналастырылған. 10 миллион көрермені бар осы технологиялық компания мол мүмкіндік ұсынады. Герасим Гадиян, Vintera.tv компаниясының бас директоры:  - Телеарналардың немесе олардың контентін тек ғана Винтера ТВ алаңында ғана емес, Ресейдегі 200-ден астам Оу-Ти-Ти алаңында орналастыруға мүмкіндігіміз бар. Олардың арасында ең ірілері Яндекс, ВКонтакте, Одноклассники, Rutube. Ал Қазақстан нарығына келетін болсақ қазір «Қазақ ТВ», «Хабар 24» секілді танымал арналарды орналастыруды ойластырып жүрміз. Осы жоспарымыз алдағы бір айда жүзеге асады. Елена Санбим,  World Content Market директоры: - Платформалар дамып келеді, қатысушылар кез келгенімен жұмыс істеуге дайын. Бұл Оу-Ти-Ти және онлайн-кинотеатрлар. Осыған қоса қазір қарқынды дамып жүрген осы платформалар шетелдік контентті алатын болды.

24.kz
31 мамыр 2018 ж. 880 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930