Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік желіге қатысты заң жобасы Сенатқа жолданды

Әлеуметтік желіге қатысты заң жобасы Сенатқа жолданды

eleumettik zhelige katysty zan sureti

14 маусымда Мәжілісте «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылданып, Сенатқа жіберілді. Бұған дейін заң жобасы талқыланғанын, 2023 жылғы 7 маусымда Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданғаны туралы жазған едік.

Заң қабылдау жұмыс тобына Мәжіліс депутат­та­рымен қатар мүдделі мемлекеттік органдардың, үкі­мет­тік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығы өкіл­дері, әлеуметтік желіні қолданушылар кірді.

Жұмыс тобының отырыстарында онлайн платфор­ма­ларда мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, әлеу­меттік желіні қолданушы және инфлюенсер (бло­гер) анықтамаларын беру, негізгі заң жобасының тер­минологиясына, заңда қолданылатын түсініктерді толықтыру мәселелері қаралған. Сонымен қатар он­лайн платформалардың жұмысын реттеудің халы­қара­лық тәжірибесін зерделеп, заң жобасына енгізілген. Әлемдік техногиганттар мен қазақстандық қолдану­шы­лардың арасындағы коммуникацияны реттеу те­тік­тері қарастырылды.

Онлайн платформаның иесі не­месе оның заңды өкілі балаға қарсы кибербуллинг ақпаратты және мемлекетке қарсы контентті тартқан ак­каунттарды тоқтатуға міндеттелмек. Жарнама, модерация, жалған ақпаратты таратқаны және жа­рия­лағаны үшін әкімшілік жауапқа тартуға қатысты мә­се­лелер бойынша өзгерістер енгізілген.

Парламент Мәжілісінің барлық комитеті заң жо­баларына оң қорытындыларын берді. Заң жобасы бойын­ша жұмыс тобының 15 отырысы өткізілген, онда 130-ға жуық түзету қаралды, басым көпшілігі заң бап­та­рына енгізілді, Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті.

Ерлан САЙЫРОВ,
Мәжіліс депутаты:
– Қазір дүние жүзіне қарайтын болсақ, Фран­ция, Германия, Еуроодақта техногиганттармен қа­рым-қатынасты жөндеу жөніндегі заңдар қа­был­данған. Дәл сондай заңды біз де қабылдап отырмыз.
Ең негізгі мәселе – әлеуметтік желі, яғни тех­но­гиганттармен Қазақстанның қолданушылары ара­сында қарым-қатынас орнатып, қазақстандық қол­данушылардың құқығын қорғау.
Одан бөлек, әлеуметтік желіде азаматтардың эко­номикалық іс-қимылдары өте өзекті болып отыр. Жарнама, сауда-саттық және тағы да басқа. Әлеуметтік желіде балаларға буллинг жасау, жа­ғым­сыз контенттер, саяси экстремизм мәселесі де бар. Сондықтан қазір әлеуметтік желіні өте күрделі гео­саяси жағдайда еліміздің құқықтық аясына алып келудің маңызы зор болып отыр.
Әлеуметтік желі деген не? Блогерлер дегеніміз кім? Техногиганттармен қарым-қатынастың негізгі принциптері, әлеуметтік желілердегі қазақ тілін дамыту мәселелері айқындалады, сонымен қатар, жал­ған ақпарат үшін әлеуметтік желі қолда­ну­шы­лары­на нақты жауапкершілік қарастырылған. Заң ха­лықаралық стандарттарға сәйкес келеді және Еуропаның цифрлық технологиялар жөніндегі заң­дарының новеллалары алынған.
16 маусым 2023 ж. 2 867 0