«Жасанды интеллект – білім мен өнердің жаңашылдығы»
Оқушылар үйінде «Жасанды интеллект – білім мен өнердің жаңашылдығы» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты – жасанды интеллект технологияларын білім беру мен өнер саласында тиімді қолдану жолдарын талқылап, оқушылардың жаңа заман талабына сай шығармашылық ойлау қабілетін дамыту болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға жасанды интеллекттің күнделікті өмірдегі маңызы, оның өнер мен білімге тигізетін әсері туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Сонымен қатар, өнер мектебі үйірмелерінің жұмыстары таныстырылып, оқушылардың қолөнер, сурет және цифрлық шығармашылық бағытындағы жетістіктері көрсетілді.

Семинарға Шиелі ауданының Қоғамдық даму бөлімі басшысы Есенбаев Кенжехан, облыстық білім басқармасының Шиелі аудандық білім бөлімінің бас маманы, сондай-ақ аудан мектептерінің директор орынбасарлары, музыка пәнінің мұғалімдері және бағдарламашылар қатысты. Қатысушылар оқушылардың шығармашылық еңбектеріне жоғары баға беріп, жас ұрпақтың жаңа технологиялар арқылы өз қабілеттерін дамытуына ерекше ықылас танытты.