Қызылордалық оқытушылар жасанды зият арқылы оқыту әдістерін меңгерді
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды зият институтында оқытушыларға арналған жазғы мектеп өтті.
Фото: Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Басқарма мүшесі, ІТ және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор Махмуд Томанов, Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев және IT мамандар жазғы мектепті жүргізді.
Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Жасанды интеллект арқылы оқыту әдістерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың алғашқы күнін Microsoft АҚ-ның ТМД елдерінде білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Данияр Жұмабеков арнайы шақырылып, «Қорқыт Ата университетіндегі цифрлық трансформация: Microsoft AI арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз» тақырыбында семинар өткізді.
Курс мақсаты – жасанды зият негізгі ұғымдарымен және әдістерімен таныстыру, білім беруде AI қолданудың этикалық аспектілерін зерттеу, оқу үдерісін жақсарту үшін AI агенттері мен деректерді талдау құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту.
Білім ордасының 200-ге жуық профессор-оқытушылары 72 сағат бойы теориялық және практикалық білім алып, AI негізгі түсініктері мен әдістері, машиналық оқыту, тереңдетіп оқыту, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және генеративті AI-ды білім беру үдерісінде қолдану әдістерін меңгерді.
Өзіндік жұмыс сағатында хаттарды құрастыру, халықаралық серіктестерді іздеу, хаттар мен өтінімдерді дайындауды автоматтандыру, мақсатты бағдарламалық қаржыландыру әзірлеу және AI-агентті пайдалану жобасын әзірлеу дағдыларын үйренді. Курс ұйымдастырушылары ЖЗ навигатор 1.0 әдістемелік құралын осы жазғы мектеп барысында қатысушыларға пайдалану үшін табыс етті. Курс соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Жасанды зият бойынша біліктілікті арттыру курстары алдағы уақытта да өткізіліп тұрады.