Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайлық офтальмологтар 4200 км қашықтықтан ота жасады

Қытайлық офтальмологтар 4200 км қашықтықтан ота жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайлық дәрігерлер әлем бойынша алғаш рет роботтандырылған ота жасап, көз торының астына 4 200 шақырымнан астам қашықтықтан препарат енгізді. Бұл туралы nf.news жазды. 

Гуанчжоудағы Сунь Ятсен университеті Офтальмология орталығының командасы отаны Үрімжідегі Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы бас ауруханасының мамандарымен бірлесіп жүргізді. Хирургтер 5G технологиясын қолдана отырып микроинені нақты уақыт режимінде басқарып, көз түбінде микрометрлік дәлдікпен манипуляциялар орындады. 

Отандық офтальмологиялық робот Гуанчжоудағы негізгі басқару пульті мен Үрімжідегі ота бөлмесі арасында тұрақты байланысты қамтамасыз етіп, бұл 7 минуттан аз уақыт ішінде дәлдігі жоғары инъекция жасауға мүмкіндік берді. 

– 5G желісі тұрақты, кескін анық болды және ине дірілдемей тегіс қозғалды, - деп атап өтті мамандар.

Роботтандырылған платформаны әзірлеуге екі жылдан астам уақыт кетті. 2023 жылдың маусым айында команда жануарларға сәтті эксперимент жүргізіп, Үрімжіде өткен алғашқы клиникалық отаға жол ашты. Мамандардың айтуынша, сәтті ота Қытайдың эксперименттік кезеңнен телероботтық офтальмологиялық хирургияны клиникалық қолдануға көшуін белгіледі. Бұған дейін Қытай Альцгеймерді емдеуде эксперименталды хирургияға тыйым салғанын жазған болатынбыз. 


05 қараша 2025 ж. 33 0