Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық ғалымдар гені өзгерген өнімдерді анықтау жолдарын жетілдірмек

Қазақстандық ғалымдар гені өзгерген өнімдерді анықтау жолдарын жетілдірмек

Назарбаев университеті жанынан генетикалық сараптама жасайтын арнайы зертхана ашылады. Ол үшін қытайлық «Майкоред» компаниясы 3 млн доллар инвестиция салуға дайын. Тиісті меморандум Мемлекет басшысының Аспан асты еліне жасаған сапары барысында мақұлданды. Суыққа үсімейтін, ыстыққа шірімейтін, ұзақ уақыт сақталатын өнімдер гендік инженерияның жемісі. Адамзатты аштықтан құтқару үшін ойлап табылған ғылыми жаңалық, әлемге қауіп болып төнгелі қашан. Мұндай трансгенді ағзаларды отандық мамандар бұған дейін де түрлі жолдармен анықтап келді. Енді гендік сараптама дәрі-дәрмектерге де жасалады. Яғни сіздің ағзаңыз белгілі бір дәріні қалай қабылдарын дәрігерлер алдын ала болжап біледі. Абзал Дәрібаев, Назарбаев университеті жаныныдағы NURIS компаниясының инновацияларды дамыту бойынша директоры: - Кардиологияда әлемнің дамыған елдері генетикалық тестілерін қолдануда. Қазақстанда мұндай тестілер кардиология жағынан дәрі-дәрмек берудің алдында генетикалық тестілер әлі қолданбайды. Бұл жобаны іске асыру біздің кардиологиядағы халқымызға қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі. Мұндай ғылыми зертханалардың ауыл шаруашылығына да тигізер пайдасы орасан. Мамандар «сиырдың сүттілігін көзбен болжамай, енді ДНҚ-сын зерттеп, зерделеп білеміз», – дейді. Бұл да әлемдік тәжірибе. Озық технологияларды қытайлық серіктестерден меңгергенімізбен, зертханада жұмыс істейтін Назарбаев университетінің студенттері. Жоғары оқу орны ғылыми парктерді басқару жолдарын да үздіктерден үйренбек. Қанат Байғарин, Назарбаев университеті президентінің инновациялар жөніндегі орынбасары: - Бейжіңдегі Синьхуа университетінде орналасқан ғылыми паркпен келісім жасалды. Бізге озық тәжірибелерді меңгеру маңызды. Өйткені Назарбаев университеті жанынан 50 гектар жер бөлініп, ғылыми парк салынбақ. Қазір оның даму жоспары, бағыт-бағдары анықталған. Ғылыми парк негізгі үш бағытқа басымдық береді. Олар: биомедицина, геология  және жоғары технологиялар саласы. Жоспар бойынша 2025 жылға қарай құрылыстың алғашқы бөлігі аяқталуы тиіс.

24.kz
13 маусым 2018 ж. 749 0